June 3, 2020

Төртінші тапсырма

Бір аптаны артқа тастадық. Жақсы өтті деген ойдамын! Дәл осындай темппен келесі аптаны да бастайық! Бірақ ескеретін нәрсе, марафонның ортасындағы күндер кішкене қиындау болады. Себебі ми да, адамның организмі де қарсыласып, жаңа нәрсені қабылдай алмайды. Біз "мен осы жата берем, менің жамбасым жалқау" деп ойлаймыз. Негізігі жалқау - ми. Ми жаңа нәрсені қабылдағысы келмейді. Сондықтан жоспарларыңызда бір нәрсе дұрыс болмай жатса, не бір күн ерте тұра алмасаңыздар өз өздеріңізді кінәламаңыздар.

  1. Бүгін отырып, (шай ішіп, тәтті нәрсе жеп, жағдайыңызды жасап)) жеке қалып бір аптаға анализ жасап, келесі аптаға жоспар құрыңыз. Нені қай уақытта, қалай жасайтыныңызға дейін жазсаңыз керемет болады.
  2. Күнделікті тапсырмаларды орындау. Олар: ерте(өзіңіз белгілеген уақытта) тұру; су ішу; екі жаттығу; кітап оқу.
  3. ШҮКІРШІЛІК дәптерін арнау. 60 түрлі шүкір жазу. Тапсырма соңында "шүкіршілік кестесін" беремін. Соны толықтырып, "ЕСЕП" чатына жіберуді ұмытпаңыз.

КЕҢЕС: Аптада бір рет өзіңізге анализ жасаған уақытта шүкір жазуды естен шығармасаңыз екен.