June 3, 2020

Екінші тапсырма

Жоғарыда берілген видеоларды түсіндіре алдым ба? Кері байланыс күтемін. 


Қазір сізге күнделікті жасалынатын бірнеше тапсырма беріледі⬇️. Бұл тапсырмаларды әр күні жеке тексеріліп отырады.


1. Таңертең өзіңіз белгілеген уақытта тұру және ватсапқа жазу



2. Бір стакан (ауыз күймейтіндей етіп) жылы су ішу. Егер іше алмасаңыз аз-аздан ішіп үйренсеңіз жеңіл болады. Артынан бір кішкентай қасықпен бал жесеңіз тіптен керемет. Бұл су мен бал ішек құрылыстағы артық заттарды тазартуға және шаршамай жұмыс жасауға көмек береді. (3 минут)

3.Лимфалық жаттығу жасау (өте маңызды, күнде жасалғаны дұрыс)

https://www.youtube.com/watch?v=zBQsYGG8MNQ

4. Гимнастика жасау

Қазір біздің санамызда «жаттығуды арықтау үшін жасайды» деген ой жатуы мүмкін. Мүлде олай емес. «Если вы не находите времени для физических упражнений, то, скорее всего, вам придется найти время для болезней» деген жақсы сөз бар. Шынында, физикалық жаттығуларды жасағанда:

✔адамның денсаулығы жақсарады; 

✔өзіне деген сенімділігі мен энергиясы артады;

✔көңіл күйі көтеріледі. 

Егер сіз күніне 10-15 минут өзіңізге көңіл бөліп, жаттығу жасар болсаңыз, бір екі аптаның ішінде өміріңіздің айтарлықтай өзгеретініне көз жеткізесіз. (Төменде үй жағдайында жасалынатын жаттығуларды жіберілді)


Ойыңызға мынандай сылтаулар келуі мүмкін: «Жаттығу жасайтын коврик жоқ қой», «киімім дайын емес», «өмірімде жаттығу жасап көрмеппін», «жанымдағы адамдардан ұяламын» деген сияқты.

Ешқандай да қысылмаңыз, ұялмаңыз, ыңғайлы киімді киіп, кілем үстіне пайдаланбайтын матаны (постель) төсеп жасай беріңіз.

Сіз мүмкін фитнеске күніңіздің ортасында немесе кешке баратын боларсыз. Бірақ, таңертеңгілік жаттығудың өзіндік орны бар екенін ұмытпаңыз! (15 минут)

https://youtu.be/7TvReZrFTF8


4. Күнделікті саны алтыдан кем емес жоспар құру. Мысалы:

1. Таңертеңгілік марафон программасын орындау

2. Күліп жүру

3. Кездесу

4. ПП тамақ дайындау

5. Жиналыс

6. Медитация жасау, т.б.

Жоспарды таңертең ұйқыңызды ашып құрғаныңыз тиімдірек. (5 минут)


5. Кітап оқу. Жетістікке жеткен, ойлау көкжиегі кең адамдардан еститін алғашқы кеңесіміз - кітап оқу. 

Егер күніне 10 беттен кітап оқысаңыз, жылына 3650 бетке тең келеді. Бұл дегеніңіз жылына екі жүз беттік 18 кітапты бітіресіз деген сөз. Күшті емес пе? Олай болса кеттік! (20 минут)

Жоғарыдағы тапсырмаларды күнделікті жасасаңыз екен. Кестеңізге түсіріп қойылды. Бастапқы уақытта қиын болады. Кейін үйреніп алған соң "мастер" болып кетесіз.

Беріліп жатқан видео нұсқаулықтар, тапсырмалар - аманат. Ешқайда таратпасаңыздар, өтініш.