April 5, 2020

Бірінші тапсырма


Жоғарыдағы екі видеоны көріп шығу

1. «Таңнан баста» марафонына не үшін қатысып жатқаныңызды, ниетіңізді жазу. Жалқаулыққа салынып тапсырмаларды орындауға ерінгенде, сол қағазды оқу жақсы көмектеседі.

2. Күнтізбені сақтап алу.Төменде күнтізбе кесте жіберілді. Бұл кестені күнде толтырып, тапсырмамен қосып жібересіздер. Жүктеп алсаңыз екен.

3. Цикл реттеу. Ұйықтайтын және ұйқыдан оянатын уақытыңызды нақты белгілеу. Егер таңғы сағат 06:00де тұрғыңыз келсе, 23:00де ұйықтағаныңыз дұрыс. Қазір ватсаптағы чатқа таңертең оянатын уақытыңызды жазсаңыз.

5. Таңертең қай уақытта тұрсаңыз сол уақытта ватсап чатына «қайырлы таң» деген сияқты жазба жіберу. Бұл сіздерді таңертең айтылған уақытта тұрып-тұрмағаныңызды тексеру үшін қажет.

6. Ватсапқа жазғаннан кейін инстаграмды ақтарып, телефонда ұзақ уақыт отырып қалмаңыз. Бұл өте маңызды. Уақытыңызды босқа өткізбей ұзақ уақыт жасай алмай жүрген, ойда жүрген ісіңізді бастап кетіңіз.

7. Бүгін-ертең өзіңізге бір сағат бөле отырып, осы тапсырмаларды орындау. Есеп беру, жаңа жоспарлар құру.

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындағаныңыз бойынша ватсаптағы чатқа есеп жазу. Төменде үлгі бойынша көрсетілген, басқаша жазсаңызда болады. 

p.s. егер оянуға қиналсаңыз, айтыңыз, мен бірнеше күн хабарласып оята аламын.

Керекті кеңестер
  • Бөлме қап-қараңғы болғаны жөн
  • Тыныштық (шудан ми демалмайды. ми демалмаса, ұйықтаған сияқты болмайсыз). Ұйықтар кезде музыка тыңдайтын әдетіңіз болса, оны да қойған жөн.
  • Жайлы киім. Киім денеңізді қыспауы керек.