April 22, 2020

Соңы

Таңертең ерте тұру үшін: 

1. Кешкі уақыттан бастап денемізде мелатонин гормоны бөлінетін білеміз.

Мелатониннің бөліну уақыты кешкі оннан таң кіргенге дейін.

Келесі кезекте кортизол гормоны бөлінеді. Ол «стресс», «қозғалыс» гормоны. Түске дейін ұйықтаған кезіңізде денеңіздегі әлсіздікті, өз-өзіңізге ашуланғаныңызды байқаған боларсыз. Бұл кортизолдың әсерінен болатын дүниелер. Организм сізге «тұр" дейді, бірақ жата берсеңіз, организмде сізге кері қарай жұмыс жасайды.

Егер өзіңіз сау әрі жас көрінгіңіз келсе, ерте жатып ерте тұруды әдетке айналдырыңыз.

Мелатонин «жастық», кортизол «қозғалыс» гормоны екенін ұмытпағайсыз.

2. Кешке қарай "көк түсті" (синий спектр) заттарды қолдануды азайту. Мысалы, телефон, телевизор деген секілді.

2.1. Жатар кезде телефонды авиа режимге қою және алысқа қойып жату. Негізі  телефонды келесі бөлмеге қойып, өзіңіз кәдімгі будильникпен оянар болсаңыз әсері керемет.

3. Ұйықтар киіміңіздің таза мақтадан болғаны жөн.

4. Жастық мойныңызды және омыртқа сүйектерін зақымдайтындай жұмсақ немесе қатты болмауы керек.

5. Шулы жерде ұйықтаудан сақтаныңыз. Себебі түнде ми толықтай тыныштықта ғана демалып, ретке келеді.

6. Жатын бөлменің температурасы 16-19 градус болғаны жөн.


Осы ережелерді ұстансаңызда, ұйқыңыз тыныш болмаса; ерте тұрғанда басыңыз айналып, әлсіздік болса, дәрігерге қаралғаныңыз дұрыс. Себебі кейбір ағзаларға зақым келуі мүмкін. Соның себебінен денеде әлсіздік болуы мүмкін.