December 6, 2021

Сонымен, кім бірінші орында?

Приоритет тақырыбында, Құдаймен бақ таластыруға бола ма деген тақырыпта талқы жүргізіп көрейік

Мюррей шеңбері

Универде енді бірінші курсқа келгенде, қазіргі ғылыми жетекшім "Біз деген маразмды таста", "Мен" деу керек, эгоист болу керек дегенін естігенде, біразға дейін неге сонша қиындатады деп түсінбей жүргенмін.

Себебі дәстүрлі отбасылардың біразында ата-ана "менің жемегенімді осылар жесін", "мен көрмеген жақсылықты бұлар көрсін" деп өсіретінін есепке алсақ, ол модель жоғарыдағы сызбаны қабылдауды қиындатады.

Ал шындығында біз көріп өскен альтруизм шынымен бар ма? Біреу үшін жақсылық жасау, біреу үшін өзіңді құрбан ету, біреу үшін аш қалу, біреу үшін жаман киім кию деген нәрсеге сенесіз бе?

Егер сенсеңіз, ниет пен амал дегенді келесідей саралап көрейік:

  1. Біреу түн ұйқысы тыныш болуы үшін, ары мазаламауы үшін, жұмысын адал әрі сапалы істейді.
  2. Біреу үйдегі неше түрлі проблемалармен бас қатырмау үшін, трудоголизмге салынып, жұмысын тиянақты істейді.
  3. Біреу өзін пайдалы сезіну үшін, кез-келген жұмыста инициативаны өзіне алады.
  4. Біреуге біреудің жымиып күлгені ұнағандықтан, сол адамға көбірек қуаныш сыйлауға тырысады.
  5. Біреу баласы қауіпсіздікте екенін сезінгенде өзін жайлы сезінгендіктен, баласы үшін барлық жағдайды жасауға тырысады.
  6. Біреу сүйгені бақытты болғанынан өзін бақытты сезінетіндіктен, сүйгеніне көбірек бақытты сәттер сыйлауға тырысады.

Қысқасы, түсінген шығарсыз, жоғарыда айтқан "біреу үшін" дегеннің артында "ӨЗ НИЕТІҢІЗ" тұрады. Жасайтын амалыңыз да сәйкесінше біреу үшін емес, өзіңіз үшін жасалады. Сол үшін сіздің ниетіңіздің бірінші орында тұруы - бұл норма.

Осы идеяны қарасақ, жоғарыдағы жүйенің дұрыс екеніне көз жеткізуге болады.

  • Жаратылысыңыздан, бірінші орында сіз тұрасыз. Одан кейінгі приоритеттерді саналы түрде саралауыңыз, сіздің бақытты болуыңызға ықпал етері анық.
  • Екінші орында неге күйеу/әйел? Өйткені жұбайыңыз сіз таңдаған адамыңыз. Соған орай, сізді ең жақсы түсінетін, демейтін, қасыңызда болатын, сізді шартсыз қабылдайтын, сіздің "айнаңыз" болатын адам болуы тиіс.
  • Үшінші орында табиғат заңдылығына орай балаларыңыз орналасады. Өйткені бұл сіз ең жақсы түсінетін, сіз әрдайым қасында болатын, сіз шартсыз қабылдайтын жақын адамыңыз - сіздің балаңыз.
  • Ата-анаңыздың тек төртінші орынға орналасқанына қысылмаңыз. Себебі жоғарыдағы некенің моделін, отбасының моделін ата-анаңыз сізге үйретеді. Дені сау қарым-қатынаста ата-анаңыз сізді шартсыз қабылдауы тиіс.
  • Осы төрт қадамыңыз орнында болса, қалғаны да өз ретімен "өз приоритеттерін" табары анық.

Соңғы қалғаны: бірінші орында мен бе? Әлде Құдай ма? (сеніміңізде Құдай болмаса, кез-келген басқа сеніміңізді қойсаңыз болады)

Сіз бірінші орынға өзіңізді емес, ниетіңізді қоясыз.

Ниетіңізді приоритетке қою деген, сіздің қалауларыңыз, сіз басқалардан артықсыз, жоғарыдасыз дегенді білдірмейді. Адамзаттың бәрі тең, сәйкесінше бәрі бірдей өз ниетін бірінші кезекке қойып, өзара компромисс табу арқылы қоғамда бірге өмір сүреді (I'm OK, you are OK).

Ал адамзаттың құлдық жаратылысын есепке алсақ, "біреулердің қалауларына табынуды" доғарғанда, яғни адам өз ниеті мен амалын бірінші орынға қойғанда, аталған сұрақтың жауабы өзі ақ шыға келеді.

Қысқасы, эгоист болудан қысылмаңыз. Түсінгеніңіздей, бұл нормально :)