Інім бір кастингке қатысып жатыр. Кеше соған түрлі эмоцияларда видео түсірдік. Қуаныш, ренжу, қулық, мұң, ашу деп кете береді. Әуелі ақылдастық. Мына сахнаны былай, ананы былай түсірейік дегендей. Оған өмірде қалай бар, солай көрсет деп ақылымды айтып. Сондағы інімнің сұрағы лишний раз подтвердил того что я старалась не замечать. “Ал қуанғанды көрсетіңізші” деді. Шыны керек, көрсеткенімнің бәрі жасанды екенін ішім сезді. Себебі олар менің эмоциям емес-тін. Айналамдағы адамдардан көргендерім жай ғана. Қатты қуанған кезімде мені көрген адам дым байқамайтын да шығар. Бұның аты сабыр ма екен? Бір психолог бала кезден қалыптасқан қорқынышпен, ата-ананың тым көп ескерту жасауымен байланыстырыпты бұл “синдромды”. Келісуге болады.