August 25, 2020

Ол менің қажеттіліктерімді қанағаттандырмайды

Тек Иса бізге қанағат әкелуі мүмкін!

Мен бір қызға үйленіп, содан кейін одан әдемірек көңілдірек басқа біреуді ұнатып қалсам ше, не болады? Егер ол менің қалауларымды орындамаса не болады? Онда менің көңілім қалып, оған наразылық көрсететін болармын.

Маған романтика, сезім керек. Ал менің күйеуім сезімтал емес. Ол менің қажеттіліктерімді орындамайды. Маған қажет нәрсені бере алатын біреу керек.

Бұл мәлімдемеде не дұрыс емес? Екі жағдайда да, автордың тұжырымы бойынша болашақ немесе қазіргі жұбайы, оның талаптарын үнемі, шаршамай орындауы тиіс. Бұл дұрыс емес.

«Некенің мәні» атты кітабында Тим Келлер былай деп жазады:

Бүгінгі ерлер де, әйелдер де некені өз мінезін дамытудың және қоғамға пайда әкелудің тәсілі емес, жеке мақсаттарға жетудің жолы деп санайды. Олар «эмоционалды, жыныстық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын» серіктес табуға тырысады. Нәтижесінде шектен тыс мінсіздікті талап ете бастайды, бұл өз кезегінде күткені болмай көңілі қалудың ең жоғарғы формасына әкеледі, өйткені неке үшін осындай тамаша серіктес табу мүмкін емес. Бүгінгі таңда көптеген адамдар өздеріне әбден лайық жандарды көзге ілмей, «ол мен қалағандай емес» деп санаулары себепті үйленуді кейінге қалдырып келеді.

«Олар эмоционалды, жыныстық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын» серіктес табуға тырысады деген сөз тіркесін тағыда қайталап айтамын.

Күйеуіміз немесе әйеліміз өмірімізді толық қанағаттандырады деп күтуіміз өз көңілімізді қалдыруды жоспарлау болып табылады, себебі ешбір адам басқа адамның қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмайды. Басқа адам біздің қажеттіліктерімізді толтыра алады деп үміттену – одан көп нәрсені күту. Өйткені, бір ғана Иса біздің қажеттіліктерімізді толтыра алады. Тек Иса бізге қанағат әкелуі мүмкін. Ол ғана біздің қалауымызды қанағаттандыра алады.

Үміттену бізді өлтіруі мүмкін.

Егер сіз басқа адамға қатысты үміттермен үйленсеңіз, ол адам сіздің үміттеріңізді қанағаттандырмаса, сіз ренжіп, бақытсыз боласыз. Күту қауіпті, егер сіздің алғашқы үміттеріңіз төмендегідей болмаса әрқашан көңілсіздікке ұшырайсыз.

  • Менің жұбайым әртүрлі салаларда сәтсіздікке ұшырайды.
  • Менің жұбайым менің тілегімді орындамайды
  • Менің жұбайым әрқашан мені қуантуға тырыспайды.
  • Менің жұбайым мені әрдайым түсіне бермейді.
  • Менің жұбайым мені әрдайым бағалай бермейді.
  • Менің жұбайым мені қалағандай жақсы көрмейді.

Егер Сіздің жұбайыңыз сізді шынымен бағалайтын, жақсы көретін және сізге қызмет ететін болса, Құдайға шүкір! Бұл жағымды тосынсый болады. Мәселе біз күткен кезде пайда болады, бірақ оны ақтауға болмайды. Алайда дамытуға болатын басқа да үміттер бар. Дегенмен бұл қарапайым күту емес. Бұл өзіңнен күту керек өзгерістер:

  • Мен жұбайыма қызмет етемін және ол үшін өмір сүремін.
  • Мен жұбайымды қуантуға тырысамын.
  • Мен жұбайымды тыңдауға және түсінуге тырысамын.
  • Мен өз өмірімді жұбайыма арнауға тырысамын.
  • Мен оның қалауын мүмкіндігінше орындауға тырысамын.
  • Мен жұбайын сүюге тырысамын.

Мен сізге мынаны ұсына аламын: сіз жұбайыңыздың бойында не өзгеретініне емес өз бойыңызда нені өзгертуіңіз керектігіне көңіл аударыңыз. Жұбайыңыздың өзгеруінен үміттенудің қажеті жоқ. Егер сізде қандайда үміт болса, ол тек өзіңізге қатысты болуы тиіс.

Адамдардың өзгеруінен үміттенуге құқысы бар біреу болса – ол тек Иса. Оған дұға етіп, сұрақ қойыңыз: Сіздің жұбайыңызға ұнағаныңызды Ол қалай қалайды десеңізші. Ең үлкен және ең қуанышты қызметші болуға Одан көмек сұраңыз және сізге біреу қызмет ете ме, жоқ па деп уайымдамаңыз.

Марк Олтродж

https://t.me/ruh_zhan