Рухани жаңару
@zhanaru.info
7 posts

Киелі жазбаны қалай тиімді оқуға болады?

(1)   Киелі кітапты оқуды бүгіннен бастаңыз.

Киелі кітап іліміне сай жан бағушылықтың басқа әдістерден айырмашылығы қандай?

Киелі кітап іліміне сай жан бағушылық пен қауымда кеңінен қолданылып жүрген басқа әдістердің арасында қандай айырмашылық бар?

Шайтанның некеге отырмау туралы өтірігі

Мен күйеуге шықпағанмын. Екі көршіммен және мысығыммен бірге Аустралияда, Сиднейде тұрамын. (Қандай адам екенімді «нағыз мысыққұмар» адамға айналғанымның өзі айтып тұрғандай, бірақ, негізінде, маған бәрібір). Менің жасым отыздан асып кеткен. Осындай жастағы күйеуге шықпаған әйелдердің басындағы көптеген мәселелер менің де басымда бар. Мысалы, жалғыз өзім өмір сүру (жалғыздан жалғыз өмір сүріп, тапқан-таянғанымның бәрін тұрғылықты үйге жұмсау), әлде көршілермен бірге өмір сүруім (ылғи жаңа көрші іздеп, оларға үйренісу керек); барлық жиындарға жалғыз бару; мені қазымыр әрі бір түрлі деп санайтын құрбыларымның көмейлеріндегі айтылмаған сұрақтарды сезіп қою; өзімнің әлі күнге дейін күйеуге шықпағаныма таңқалып, мұңаю; өн бойымда ненің дұрыс...

Ол менің қажеттіліктерімді қанағаттандырмайды

Мен бір қызға үйленіп, содан кейін одан әдемірек көңілдірек басқа біреуді ұнатып қалсам ше, не болады? Егер ол менің қалауларымды орындамаса не болады? Онда менің көңілім қалып, оған наразылық көрсететін болармын.

Міндеттемелер, билік және кедейлер

Кедейлерге көмектесуге шақыратын Киелі кітапта айқын бұйрықтар да, уәждер де бар.

Ата-аналар, балаларыңыздан мойынсұнуды талап етіңіздер

Осы жан айқайын ата-аналарға балаларынан мойынсұнуды талап етсін деп жазып отырмын. Мұндай шақыруды жазуға қазіргі балалардан байқайтыным итермелеуде. Бүгінгі күні балалар әке-шешелерінің өтініштеріне мүлде құлақ аспайтын болған, олардың солай етуіне кедергі де жасалып жатқан жоқ. Ата-аналар балаларына орындарына отыруды, істеп жатқандарын доғаруды, бері келуді не ары кетуді бұйырады. Бірақ үш қайталап айтса да, бұйрықтарын орындамаған соң, әке-шешелері оларды алдаусыратып, айтқандарын жымиып отырып істетеді. Осылай алдаусырату арқылы кейде балаға айтқандарын істете алады, ал кейде олай болмай шығады.

Рухани кітаптар сіздерді күтуде!

Себептері: уақытым жоқ, рухани кітапты оқуға қызығушылығым жоқ, тек Киелі кітапты оқу - маңызды, рухани кітаптарды оқудың рухани өсуіме көмегі аз.