Yesterday

Шариғатқа қайшы амалдар араласқан мәуліт — сөгіске лайық бидғат.

Шейх Абдул-Мәлик Абдур-Рахман әс-Сағди әл-Ханафи ән-Нақшбанди шариғатқа қайшы амалдар араласқан Мәуліттерге қатысты айтты:

Мен сөзімді арнайы Ағзамия тұрғындарына арнағым келеді (видеодағы мәулітті атап жатқан халық). Бұрын да оларға осылай үндеу жасаған едім. Мен былай деймін:

«Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәулітті атап өту кезінде көргенім — оған шектен тыс көп қаражат жұмсау, ерлер мен әйелдердің араласуы және әйелдердің ашық-шашық жүруі — мұның барлығы сөгіске лайық бидғаттар әрі шариғат бойынша харам.
Мұсылман ғалымдары мен дінге шақырушылар мұндай істерді теріске шығарып, мұсылмандарға оның дұрыс еместігін түсіндіруі керек. Сонда олар келешекте мұндай істерден аулақ болады.
Әйелдердің ашық-шашық жүруі мен ерлер және әйелдердің мәжілісте аралас болуы Пайғамбарды ﷺ құрметтеу және оған деген сүйіспеншілікті білдіру ме?! Әлде бұл оған ﷺ қарсы келу ме?!
Өйткені мәуліттің мақсаты — Пайғамбардың ﷺ сүннетін, әдептері мен көркем мінез-құлқын қайта жаңғырту. Исламда теріс әрекетке теріс әрекетпен жауап беру емес, жақсы амалмен жауап беру керек.
Егер кейбір топтар қайғылы оқиғаларды еске алу үшін жиналып (Ашура және басқа да қайғылы тарихи оқиғаларды еске алу үшін жиыналатын шиғалар айтылып жатыр), онда ерлер мен әйелдер аралас болып, жылап, балағаттап, тіл тигізетін болса, бұл екінші тарапты оларға ұқсауға және сол секілді жаман істер жасауда олармен жарысуға итермелемеуі керек. Сөйте тұра олар мұндай істерін жақсы амал деп санайды. Ал Аллаһ Тағала олар туралы:
﴾«Олар (дүниедегі тіршіліктен басқа тіршілік жоқ деп ойлайтын және) дүниедегі еңбегінің (игі істерінің) бәрі (ақирет тұрғысынан) зая болған һәм соған қарамастан өздерін керемет істер тындырып жүрміз деп ойлайтындар»﴿ («Кәһф» сүресі, 104-аят), — деген.
Дәл осындай жаман әрекеттер кейбір шектен шыққан адамдарға дұрыс әрі шариғатқа сай өткізілген мәуліттің өзін «бидғат» деп атауға жол ашады. Өйткені олар шариғатқа сай мәуліт пен оған араласқан тыйым салынған істерді бір-бірімен шатастырып жібереді».

Сілтеме: https://t.me/abbdalmalek/822