June 22

«Аллаһ Елшісі ﷺ қарыз беріп, содан қандай-да бір пайда алудан қайтарған».

Имам Абдул-Ғани әл-Ғунайми әл-Майдани әл-Ханафи өзінің «Мухтасар әл-Қудури» кітабына жазған шархы «әл-Любаб» («Хауала» бабын) кітабында:

«Әс-Сәфәтиж мәкруһ. Сәфәтиж деп – қарыз берушінің берген қарызы арқылы пайда табуын айтады. Оның нақты мысалы «әд-Дурар» кітабында былайша келтірілген: «Бір адам саудагерге белгілі бір мөлшерде қарызға ақша береді және сол ақшаны саудагер бара жатқан қаладағы өзінің бауырына тапсыруын шарт етеді¹. Осылайша қарыз беруші өз ақшасын сол қалаға аман-есен жеткізуді көздеп, сол арқылы пайда көреді²».
«Әл-Һидая» кітабында: «Бұл – қарыз арқылы пайда табудың бір түрі. Аллаһ Елшісі ﷺ қарыз беріп, одан қандай да бір пайда табуды тыйған».

¹Ал егер шарт етпесе, рұқсат. ²Егер қарыз емес, аманат етіп берілсе, аманат иесі жолда қарақшыларға ұшырап қалса немесе басқа себеппен ақшаны жоғалтса, ол ақшаны өтеуге міндетті емес. Ал егер ол ақша қарыз ретінде берілсе, онда ол адамның мойнынан бұл қарыз ешқашан түспейді. Тіпті ол адам қайтыс болса да, қарыз оның мирасы есебінен қайтарылуы тиіс. Егер қарыз беруші ешқандай пайда алуды шарт етпесе, бірақ іштей қандай да бір пайда көруді ниет етсе, онда ол бұл қарыз беруден ешқандай сауап алмайды.

Сол себепті Имам Әбу Ханифа өзінен қарыз алған адамдардың ағашының немесе үйінің көлеңкесін көлеңкілемеген деп келеді, өйткені бұл қарыз алушыдан қандай-да бір пайда алу деп қорыққан.