Ең абзал кәсіп туралы.
Имам Бадруд-Дин әл-Ғайни әл-Ханафи өзінің «Минхату әс-Сулук фи шарх Минхати әл-Мулук» (467-668 бет) кітабында айтты:
«(Ең абзал кәсіп – жиһад) – себебі оның пайдасы жалпыға ортақ. Өйткені онда халал олжа табу бар, кәпірлердің зиянын тойтару және олардың мұсылмандарға қарсы отын өшіру бар.
(Содан кейін – сауда) – өйткені саудагердің пайдасы әр сағат сайын туындап, әр уақытта қайталанып отырады. Сол арқылы адамның уақытша қажеттілігі өтеледі. Сондықтан ол пайдасы жағынан кеңірек болып, егіншіліктен абзал саналады.
(Содан кейін – егіншілік) – өйткені ол құрметті жандардың тәнінің тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған еңбек. Тәннің тіршілігі ішіп-жеу мен киім-кешек арқылы болады, ал бұл, негізінен, егіншілік арқылы жүзеге асады. Себебі егіншілік те себептердің бір себебі болып табылады».