July 15

«Ал кім адамдардың алдында әуретін жаппаса, ол Аллаһтың, періштелердің және барлық жаратылыстың лағынетінде болады».

Әбу Ханифа Әбу Зубәйрден, ол Джәбирден (Аллаһ одан разы болсын) Аллаһ Елшісінің ﷺ былай деп айтқаның риуаят етті:

«Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірген ер адамға моншаға изарсыз кіруі рұқсат емес. Ал кім адамдардың алдында әуретін жаппаса, ол Аллаһтың, періштелердің және барлық жаратылыстың лағынетінде болады».

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Муснад әл-Имам әл-Ағзам» кітабына жазған еңбегінде (466-ші хадистің) түсіндірмесінде айтты:

(«Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірген ер адамға моншаға әуретін жабатын киімсіз кіруі рұқсат емес). Изар — белге оралып, әуретті жабатын жамылғы.
Хадистің сыртқы мағынасы бұл үкімнің жалпы екенін көрсетеді: ол жерде бөтен адам бар-жоқтығына қарамайды. Өйткені Аллаһу Тағала — ұялуға ең лайық. Сондай-ақ монша — шайтандар жиналатын орын, олардың қасында толықтай ашылуға болмайды. Сол себепті риуаятта: «Егер адам әуретін ашуға мәжбүр болса, Аллаһтың атын атасын, сонда бұл зікір жындардың көздері мен адам баласының әуреттерінің арасына перде болады», — деп келген. (Ал кім) яғни әйелі мен күңінен басқа (адамдардың алдында әуретін жаппаса) — ер адам үшін әурет: кіндік пен тізе арасы¹, (ол Аллаһтың, періштелердің және барлық жаратылыстың лағынетінде болады») өйткені олар діндегі әмірге қарсы келген күнәһарды түгелдей лағынеттейді.

¹Әйел адамның бөтен ер адамның алдында жүзі мен алақанынан басқа бүкіл денесі — әурет. Ал әйелдердің алдында оның әуреті — кіндігі мен тізесінің арасы. Алайда мұсылман әйел кәпір немесе пасық әйелдердің алдында жамылғысын шешпеуі керек. Өйткені олар оның дене бітімін бөгде адамдарға сипаттап беруі мүмкін.