Today

«Кім исламға дейінгі жәһилиет (тегiмен) мақтанса, оған: “Әкеңнің ұятты жерін тісте!” деп айтыңдар және астарлап айтпаңдар (ашық айтыңдар)».

Әбу Убәй ибн Кағб (Аллаһ одан разы болсын) Аллаһ Елшісі ﷺ былай деп айтқаның естігенің жеткізді:

«Кім исламға дейінгі жәһилиет (тегiмен) мақтанса, оған: “Әкеңнің ұятты жерін тісте!” деп айтыңдар және астарлап айтпаңдар (ашық айтыңдар)».

Имам (әл-Музһири атымен танымал) Мухаммад ибн әл-Хусәйн әз-Зәйдәни әл-Ханафи (727 һ.ж. қайтыс болған) «әл-Мәфәтих фи шарх әл-Мәсабих» кітабында (3809-шы) хадистің түсіндірмесінде айтты:

(«Кім исламға дейінгі жәһилиет (тегiмен) мақтанса) дегені — біреуге телініп, ата-бабасымен, руымен мақтану. Яғни, кәпір ата-бабаларымен және тайпасымен мақтану, (оған: “Әкеңнің ұятты жерін тісте!” деп айтыңдар) яғни, оған: ата-бабаларыңның пұтқа табыну, зина, арақ ішу сияқты жаман істерін айтуды білдіреді.

Сондай-ақ, бұл сөздің тағы бір ықтимал мағынасы — сендер, мұсылмандар, оның ата-бабасының жаман істерін санап айтып беріңдер дегені. Яғни, кәпірлікке және жаман амалдар мен жаман сөздерге толы ата-бабаларымен қалайша мақтануға болады?!

(және астарлап айтпаңдар (ашық айтыңдар)») дегені — оның және ата-бабасының жаман істерін ишарамен емес, ашық түрде айту. Бәлкім, сол арқылы ол өз ісінен ұялып, мұндай мақтаннан тыйылар.