July 20
«Кімде-кім Аллаһ жолына шыққан жауынгерді қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етсе, ол да ғазауатқа шықты. Ал кімде-кім оның отбасының жағдайына жақсы қарап, қамқорлық жасаса, ол да ғазауатқа шықты».
Бізге Абдуллаһ ибн Амр ибн Әбу әл-Хаджадж әбу Мағмар, ол Абдул-Уәристен, ол әл-Хусәйннен, ол Яхядан, ол Әбу Сәләмәдан, ол Буср ибн Сәғидтен, ол Зәйд Халид әл-Джуһәнидің Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқанын жеткізеді:
«Кімде-кім Аллаһ жолына шыққан жауынгерді қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етсе, ол да ғазауатқа шықты. Ал кімде-кім оның отбасының жағдайына жақсы қарап, қамқорлық жасаса, ол да ғазауатқа шықты» (Әбу Дәуіт, 2509).
Үлкен мухаддис имам Халил Ахмад әс-Сәһәранфури әл-Ханафи әл-Ханафи өзінің әйгілі «Бәзл әл-Мәджһууд фи халли сунан Әбу Дәуд» кітабында (2509-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Кімде-кім Аллаһ жолына шыққан жауынгерді қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етсе) яғни оған жиһадқа шығуы мен сапарына қажетті барлық нәрсені әзірлеп берсе, (ол да ғазауатқа шықты. Ал кімде-кім оның отбасының жағдайына жақсы қарап, қамқорлық жасаса, ол да ғазауатқа шықты»). Ибн Хиббан: «Мұның мағынасы – өзі іс жүзінде ғазауатқа шықпаған болса да, сауапта оған тең болады», – деген.