Today
Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Сенің бір нәрсені жақсы көруің — сені соқыр және саңырау етеді».
Әбу Дардадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте, Аллаһ Елшісі ﷺ айтты:
«Сенің бір нәрсені жақсы көруің — сені соқыр және саңырау етеді».
Имам (әл-Музһири атымен танымал) Мухаммад ибн әл-Хусәйн әз-Зәйдәни әл-Ханафи (727 һ.ж. қайтыс болған) «әл-Мәфәтих фи шарх әл-Мәсабих» кітабында (3815-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Сенің бір нәрсені жақсы көруің — сені соқыр және саңырау етеді») — яғни, адамды (ақиқатқа қатысты) соқыр қылады.
«Саңырау етеді» — яғни, адамды (ақиқатты естуге) саңырау қылады.
Яғни, егер сен біреуді қатты жақсы көрсең, оның бойындағы кемшіліктерді көрмейсің, одан шыққан жаман сөздерді естімейсің. Керісінше, одан шыққан барлық нәрсені жақсы деп қабылдайсың.