June 2

«Егер күйеуі әйелін өзіне қажетпен шақырса, оған дереу келсін, тіпті әйел пештің алдында (тамақ істеп) тұрған болса да».

1120. Бәзге Һаннад, ол Муләзим ибн Амрден, ол Абдуллаһ ибн Бәдрден, ол Қаис ибн Талқадан, ол өз әкесі Талқа ибн Әлиден риуаят еткен хадисте: «Егер күйеуі әйелін өзіне қажетпен шақырса, оған дереу келсін, тіпті әйел пештің алдында (тамақ істеп) тұрған болса да». әт-Тирмизи.

Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» (2\539) кітабында хадистің фиқһи түсіндірмесінде:

««Бәдәиғ ас-Санаиғ» кітабында: (2/334) кітабында:

«Аллаһу Тағаланың мына сөзіне сүйене отырып: ﴾Әйелдердің күйеулерінің алдында міндеттері болғанындай, ер азаматтардың да әйелдерінің алдында заңды міндеттері бар﴿, [«әл-Бақара», 228 аят] ғұламалар әйелдің күйеуі шақырған жағдайда төсекке келуге міндетті екенін айтқан. Соған сәйкес, ғалымдар: «Күйеуі әйелге мәһрін беріп, нәпақасын қамтамасыз етуге міндетті болса, әйел де күйеуіне бағынуға әрі оның жоқ кезінде ар-намысын сақтауға міндетті», – деп түсіндірген. Сондай-ақ, Аллаһу Тағала әйел бағынбаған жағдайда оның теріс қылығын түзету үшін төсек бөлуге және ұруға рұқсат берген. Бұл жөнінде Құранда былай делінген: ﴾Егер түзеліп мойынсұнса, оларға жамандық жасаудың жолын іздемеңдер (әрі не болса соны желеу етіп оларды ренжітпеңдер)﴿ [«ән-Ниса», 34 аят] деді. Бұл аяттардан әйелдің күйеуіне бағынуы – міндет (уәжіп) екені аңғарылады. Өйткені, егер бұл міндет болмаса, (бағынбағаны үшін ескерту жасау, төсекті бөлу немесе) тәртіпке шақыру секілді шаралар орынды болмас еді».

«Әл-Фәтәуә әл-Һиндия» (1/270) кітабында:

«(Неке үкімдері...) Әйелдің күйеуі төсекке шақырған жағдайда оған бағынуы – уәжіп, ал бағынбаған жағдайда күйеуінің оны тәртіпке салуға құқығы бар екенін көрсетеді».

«Әл-Кәукаб әд-Дурри» (2/255-256) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«Мағынасы: әйел дүниесінің азаюынан немесе денесінің шаршауынан қорықса да, күйеуінің шақыруына баруға асығуы керек. Өйткені егер ол күйеуіне барған жағдайда, мысалы, наны күйіп кетсе – ол күні аш қалуы мүмкін немесе сол асты қайта дайындауға қиналуы мүмкін. Бұл мысалда екі күнә қатар келіп тұр: күйеуіне бағынбау және мүлікті ысырап ету (яғни нанды күйдіру). Мұндай жағдайда адам сол екі күнәнің жеңілін таңдауы тиіс. Себебі, екі іс те күнә болса, олардың ішіндегі жеңілін істеу – фиқһтағы белгілі қағида. Осы негізбен көптеген фиқһ мәселелерін шешуге болады».

Осы хадиске Мулла Әли әл-Қаридің түсіндірмесін мына жерден оқи аласыз.