Today
«Пайғамбарымыз ﷺ айт күні (намазға барған жолынан) басқа жолмен қайтатын».
Хазіретті Джәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ ол екеуінен разы болсын) риуаят еткен хадисте айтты:
«Пайғамбарымыз ﷺ айт күні (намазға барған жолынан) басқа жолмен қайтатын».
Имам (әл-Музһири атымен танымал) Мухаммад ибн әл-Хусәйн әз-Зәйдәни әл-Ханафи (һ. 727 ж. қайтыс болған) «әл-Мәфәтих фи шарх әл-Мәсабих» кітабында (1008-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
Мағынасы: айт намазына бір жолмен барып, қайтарда басқа жолмен келетін.
Ол ﷺ намазға бара жатқанда алысырақ жолмен жүретін. Өйткені әрбір қадамда бір дәреже бар. Ал қайтарда үй ішінің күтуі ұзап кетпеуі үшін жақынырақ жолмен қайтатын.
Сондай-ақ тағы бір ықтимал мағынасы: бір жолмен барып, басқа жолмен қайтуы — екі жолдың тұрғындары да оған ﷺ сұрақ қою және берекетін алу арқылы пайда көруі үшін.