Today
Жамандықтың белгісі әйелде, үйде және жылқыда болады.
«Жамандықтың белгісі әйелде, үйде және жылқыда болады».
«Жамандықтың белгісі белгісі үш нәрседе: әйелде, мекенжайда және көлікте».
Имам (әл-Музһири атымен танымал) Мухаммад ибн әл-Хусәйн әз-Зәйдәни әл-Ханафи (һ. 727 ж. қайтыс болған) «әл-Мәфәтих фи шарх әл-Мәсабих» кітабында (2292-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
Пайғамбарымыздың ﷺ: («Жамандықтың белгісі әйелде, үйде және жылқыда болады») деген сөзіне қатысты ғалымдар бірнеше түсіндірме берген.
- Әйелдің жамандығы – мінезінің жаман болуы, ізгілігінің аз болуы және күйеуіне бағынбауы.
- Үйдің жамандығы – тар болуы және көршілерінің жаман болуы. Сондай-ақ, оның адал жолмен иеленілмеген болуы, мысалы, тартып алынған (ғасып етілген) үй болуы немесе оны сатып алу кезінде шариғат талаптары сақталмаған болуы деп те түсіндірілген.
- Аттың жамандығы – асау болуы. Сондай-ақ, иесі оған мініп Аллаһ жолында жорыққа шықпайтын ат болуы деп те айтылған.
Тағы бір пікір бойынша, бұл хадистің мақсаты – үмметке өзіне жайсыз болған үйді сатуға, тіл табыса алмайтын атты сатуға және араларында сүйіспеншілік пен жарасым болмаған әйелмен ажырасуға болатындығын білдіру.