Today
Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Мен үмметім үшін ең қатты қорқатыным – адастырушы имамдар».
«Мен үмметім үшін ең қатты қорқатыным – адастырушы имамдар. Үмметімнің арасына қылыш (соғыс) түскен кезде, ол Қиямет күніне дейін олардан көтерілмейді».
Имам (әл-Музһири атымен танымал) Мухаммад ибн әл-Хусәйн әз-Зәйдәни әл-Ханафи (һ. 727 ж. қайтыс болған) «әл-Мәфәтих фи шарх әл-Мәсабих» кітабында (4155-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Мен үмметім үшін ең қатты қорқатыным – адастырушы имамдар). Имам – қауымның басшысы, адамдарды қандай да бір іске, сөзге немесе сенімге шақырушы адам дегенді білдіреді. Яғни: «Үмметімнің арасында бидғатшылар шығып, адамдарды бидғат пен адасушылыққа шақыра ма деп қорқамын».
(Үмметімнің арасына қылыш (соғыс) түскен кезде, ол Қиямет күніне дейін олардан көтерілмейді») дегені – үммет арасында соғыс пен өзара қақтығыстар басталса, олар Қияметке дейін толығымен тоқтамайды деген сөз. Егер бір елде соғыс болмаса, басқа бір елде болады.