July 20
«Мүшріктерге қарсы мал-мүліктеріңмен, жандарыңмен және тілдеріңмен жиһад жасаңдар».
Бізге Муса ибн Исмаил, ол Хаммадтан, ол Мухаммадтан, ол Әнәстің Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқанын жеткізеді:
«Мүшріктерге қарсы мал-мүліктеріңмен, жандарыңмен және тілдеріңмен жиһад жасаңдар».
Үлкен мухаддис имам Халил Ахмад әс-Сәһәранфури әл-Ханафи әл-Ханафи өзінің әйгілі «Бәзл әл-Мәджһууд фи халли сунан Әбу Дәуд» кітабында (2504-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Мүшріктерге қарсы мал-мүліктеріңмен, жандарыңмен) яғни мал-мүліктеріңді жұмсап, өз жандарыңды қатерге тігіп, осы жолдағы қиындықтарға сабыр етіп күресіңдер (және тілдеріңмен жиһад жасаңдар») дегені, «әл-Лумғат» еңбегінде айтылғандай, Оларды өлтіреміз, тұтқынға аламыз, мал-мүлкін тартып аламыз және осыған ұқсас нәрселерді істейміз деп қорқыту; егер бұл Аллаһ Тағалаға тіл тигізуге себеп болмаса, оларды қорлап, сөгу; оларға жеңіліс пен қорлық тілеу, ал мұсылмандарға жеңіс пен олжа тілеу; сондай-ақ адамдарды жиһадқа ынталандыру және осыған ұқсас істер арқылы жиһад жасау дегенді білдіреді.