Today

«Пайғамбарымыз ﷺ Ораза айт күні ештеңе жемейінше айт намазына шықпайтын. Ал Құрбан айт күні айт намазын оқымайынша ештеңе жемейтін».

Хазіретті Бурайда (Аллаһ оған разы болсын) айтты:

«Пайғамбарымыз ﷺ Ораза айт күні ештеңе жемейінше айт намазына шықпайтын. Ал Құрбан айт күні айт намазын оқымайынша ештеңе жемейтін».

Имам (әл-Музһири атымен танымал) Мухаммад ибн әл-Хусәйн әз-Зәйдәни әл-Ханафи (һ. 727 ж. қайтыс болған) «әл-Мәфәтих фи шарх әл-Мәсабих» кітабында (1014-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

Құрбан айт күні намаздан бұрын жемеуінің себебі — кедейлердің жағдайына ортақтасу үшін. Өйткені көбіне кедейлердің қолында өзге ештеңе болмай, адамдар таратқан құрбандық етін ғана жейтін. Ал ол ет айт намазынан кейін ғана берілетін.

Тағы бір пікір бойынша, Құрбан айт күні намаздан бұрын жемеуінің себебі — ең алғаш жейтін асы өзінің құрбандық еті болуы үшін.

Бурайда (Аллаһ оған разы болсын): “Аллаһ Елшісі ﷺ Ораза айт күні шықпай тұрып тамақ ішетін. Ал құрбан шалу күні қайтып келгенге дейін ештеңе жемейтін. Кейін өзінің құрбандығынан жейтін. Сондай-ақ Ораза айт күні пітір садақасын намаздан бұрын кедейлерге беретін. Сондықтан ол күні намаздан бұрын тамақ ішетін”, — деген.