Сауапты істе басқаға жол беру мәселесі
Әл-Хамауидің «әл-Әшбәһ» кітабының хашиясында айтты: «Әл-Мудмарат» «ән-Нисаб» кітабынан жеткізеді: «Егер адам бірінші сапта тұрғанда жасы үлкен ақсақал немесе ғалым келсе, онда ол кісіге құрмет ретінде бірінші саптағы орнын беріп, өзі артқа шегінгені жөн».
Бұл сауапты істі басқаға беру рұқсат екенін әрі ол ешбір мәкруһ болмайтынын білдіреді, шәфиғи мәзһабына қайшы. «Әл-Әшбәһ» кітабында айтты: «Мен мұны (яғни, сауапты істе орын беру мәкруһ деген үкімді) біздің ханафи мазһабы ғалымдарынан көрмедім». Ғұлама әл-Бәйри фиқһ тармақтарын келтіргенде бұл істің (яғни, үлкен немесе ғалымға алдыңғы саптан өз орнын беру) мәкруһ еместігін көрсетеді және бұған Аллаһу Тағаланың мына сөзі ишара: {Тіпті өздері мұқтаж бола тұра оларды өздерінен артық көрді} («әл-Хашр», 9 аят).
«Сахих Муслимде» Пайғамбарға ﷺ сусын әкелініп, ішеді – Оның ﷺ оң жағында – жасы кіші Ибн Аббас және сол жағында жасы үлкен кісілер отырады. Пайғамбар ﷺ балаға: «Сусынды бірінші оларға (яғни, үлкен кісілерге) беруге рұқсат бересің бе?» – деп сұрайды. ибн Аббас: «Еш шүбәсіз, жоқ», деп жауап береді. Содан Пайғамбар ﷺ сусынды бірінші балаға береді¹.
Рұқсат сұраудың өзі бұл істің (яғни, өзгеге ілтипат көрсету, мысалы: ішетін суды оң жағындағыға емес, үлкен кісіге беру) шариғатта рұқсат етілгеніне және онда ешқандай мәкруһтық жоқ екеніне дәлел болады.
Мен (ибн Әбидин) айтамын: «Бұл мәселені мынадай шартпен қарастырған жөн: егер адам сауапты бір амалды орындап жатқанда, одан да абзал амалға жолықса – мысалы, ғалымға немесе жасы үлкен ақсақалға құрмет көрсету сияқты – онда өз орнын беру ілтипаты құптарлық іс саналады. Бұған бұған қатысты келген фиқһи тармақтар мен хадис дәлел: өйткені бірінші сапта тұру немесе оң жақтағы адамға ыдыс беру сияқты амалдардан гөрі, үлкенге құрмет көрсету абзалырақ. Сонда сауапты амалдағы ілтипат (яғни, өз орнын беру) — бір сауапты істен одан да абзал болған екінші сауапты іске, яғни үлкенге құрмет көрсетуге ауысу болып есептеледі.
Ал егер адам, мысалы, саптағы орнын өзінен абзалдығы жоқ біреуге берсе, онда ол сауапты амалдан ешбір қажеттіліксіз бас тартқан болады. Бұл — шариғатта мақұлданбайды. Сондықтан «ән-Нәһр» кітабындағы мына сөзді де осы мағынада түсіндірген жөн: «Шәфиғи ғалымдар сауапты амалдарда адам өз орнын беруді мәкруһ деді, мысалы, бірінші сапта тұрған кісі кейін келгенге орнын берсе. Ал біздің мәзһабтың қағидалары бұған (яғни, шәфиғилердің сөзіне) қарсы келмейді¹».
¹Яғни, біздің «ән-Нәһр» кітабында «ал біздің мәзһабтың қағидалары бұған (яғни, шәфиғилердің сөзіне) қарсы келмейді» сөзді «артықшылығы жоқ адамға орын беру мәкруһ» мағынасында түсінсеміз.
«Хашия ибн Әбидин», 2\559-560.
¹Хадистің түсіндірмесін мына сілтемеден оқи аласыз