Yesterday
Аллаһ Елшісі ﷺ біріміздің күн сайын тарануымызға тыйым салды.
Имам Ахмад риуаят еткен нұсқада хадистің басында мына қосымша келген:
«Аллаһ Елшісі ﷺ біріміздің күн сайын тарануымызға тыйым салды». (Ахмад, «әл-Муснад» жинағында (4\110) риуаят етті).
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» кітабында (472-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
Яғни, сақал мен бастың шашын тарау. Өйткені бұл — сәнқойлық иелерінің әдеті. Ал сүннеті — оны бір күні жасап, бір күні қалдыру, яғни арагідік істеу. Немесе мұндағы “күн сайын” деген сөздің мағынасы — үнемі, әр уақытта дегенді білдіреді.
Ескертпе: Бұл жердегі тыйым — айна алдында ұзақ уақыт тұрып, сәнденуді әдетке айналдырған ер адамдарға қатысты. Өйткені бұл — әйелдерге тән сипат, ал ер адам белгілі бір деңгейде еркектікке тән тұрпайы болу керек. Ал үйден шығар алдында айнаға қарап, өзін бір реттеп алуда ешқандай оқастық жоқ.