Құрбандық
▪️ Құрбандық шалудың артықшылығы туралы өте көптеген хадистер келген, солардың кейбірін келтіреміз:
- Хазіретті Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) айтты: «Құрбан айт күні адам баласының ізгі амалының Аллаһу Тағалаға ен сүйіктісі құрбандық қойды сою. Шындығында қиямет күні сол қойдың мүйізі, жүні және тұяқтары алып келінеді. Ағызылған қаны Алланың қалауымен жерге түспестен бұрын бір жерге түседі, олар соған қатты қуанады».
- Хазіретті Зәйд ибн Арқам, Аллаһ одан разы болсын, айтты: «Аллаһ Елшісінің ﷺ сахабалары:
- Уа, Аллаһтың Елшісі құрбандық деген не? - деп сұрақ қойды.
- Құрбандық - сендердің Ибраһим (Оған Аллаһтың игілігі болсын) бабаларыңның сүннеті, - деді.
- Одан бізге қандай сауап бар?
- Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.
- Қойдың әрбір жүнінен ме, уа Аллаһтың Елшісі ﷺ?
- Қойдың әрбір тал қылшығына да сауап жазылады, - деді.
▪️ Малды соярда қасапшының мына сөздерді айтуы сүннет:
«Шынында, мен жалған діндердің бәрінен сырт айналып, жүзімді күллі аспан әлемі мен жердің жалғыз жаратушысы (Аллаға) қараттым. Мен сендер сияқты мүшрік емеспін! Менің намазым да, өзге құлшылықтарым да, тіршілігім де, өлімім де әлемдердің (күллі жаратылыстың) Раббысы бір Аллаға арналады. Оның теңі, серігі жоқ. Маған берілген пәрмен, міне, осы. Мен (бір Аллаға) мойынсұнған (мұсылман)дардың ең алғашқысымын».
Сосын: «Бисмилләһ, Аллаһу Әкбар!» дейді. Бауыздағаннан кейін: «Аллаһым, менің (егер басқа адамның атынан шалса, онда сол адамның атын атайды) шалған құрбандығымды қабыл ет, Сенің сүйікті пайғамбарың Мухаммад пен халилін Ибраһимнен қабыл еткендей!».
▪️ Пітір садақа беру уәжіп болған адамға құрбандық шалу уәжіп, пітір садақаны кімнің беруі уәжіп екенін алдын айтқан болатынбыз.
▪️ Егер адам бай-қуатты болса, онда ол үшін өмірден өткен әкесі мен шешесі секілді туыстарының атынан және Аллаһ Елшісінің ﷺ атынан құрбандық шалуы жақсы көрілген іс.
▪️ Мүсәпір адамға құрбандық шалу уәжіп емес.
▪️ Құрбандықтың уақыты: құрбан күні күн шыққаннан бастап - зул-Хиджаның оныншы күні - зул-Хиджаның он екінші күні күн батқанға дейін (яғни, үш күн: оны, он бірі, он екісі). Абзалы құрбандық күні, сосын он бірінші күні, сосын он екінші күні сою.
▪️ Қала тұрғындарына айт намаз алдын құрбандық шалу рұқсат емес, ал қырдағыларға күн шыққаннан кейін сойса рұқсат.
▪️ Егер қала тұрғыны құрбандықты қырға жіберсе, онда ол малды күн шыққаннан кейін, айт намазы алдын сойса рұқсат (яғни, құрбандық иесі өз қаласында айт намазын оқымас алдын қырдағылар өз мекенінде күн шыққаннан кейін құрбандықты соя берсе болады).
▪️ Құрбандықты зул-Хиджаның он екінші күні күн батқанға дейін сойса рұқсат, ал егер күн батып кекен болса, онда рұқсат емес (яғни, сойған малы құрбандық бомлайды).
▪️ Құрбандық күні күн шыққаннан бастап, зул-Хиджаның он екінші күні күн батқанға дейін құрбандық шалу рұқсат: мейлі түнде сойсын немесе күндіз сойсын, бірақ соятын малдың тамырларын қате кесіп жібермеу үшін күндіз сойғаны абзал.
▪️ Егер мүсәпір адам зул-Хиджаның он екінші күні күн батпай тұрып муқим болса немесе пақыр адам зул-Хиджаның он екінші күні күн батпай тұрып байып кетсе, онда оларға құрбандық шалу уәжіп болады.
▪️ Егер мал соя алатын болса, онда құрбандықты құрбан шалатын адамның өзі сойғаны абзал; егер мал сойып білмейтін болса, онда мал сойып білетін басқа адамның көмегіне жүгінгені абзал, бірақ мал бауыздағанда өзі қасында болғаны жөн.
▪️ Құрбандық ниетін тілмен айту шарт емес: егер жүрекпен ниет етіп, бауыздаған сәтте тілмен айтса, рұқсат; абзалы жоғарыда айтқан дұғаларды айту.
▪️ Ер адам балаларының атынан құрбандық шалуы уәжіп емес, мейлі балалары кіші болсын немесе үлкен болсын; егер оның бай кішкентай баласы болса, онда әкесі өзінің малынан болсын немесе кішкентай баласының малынан болсын, оның атынан құрбандық шалуы уәжіп емес; егер баласының атынан шалса, онда бұл нәпіл құрбандық болады, бірақ баланың малынан алып құрбандық шалу рұқсат емес.
▪️ Үш түрлі жыныстан сойылған мал құрбандық ретінде жарамды: қой, сиыр және түйе; осы жынысты малға олардың түрлері кіріп кетеді: қой жынысына ешкі, қозы және қой\теке және сиыр жынысына джәмус (сиыр секілді ірі қара мал) кіреді. Бұл жынысқа ері де, ұрғашысы да кіреді.
▪️ Қойды тек бір адам ғана шалады: егер қойға екі немесе одан көп адам біріксе, онда ешбірінен құрбандық болып есептелмейді; сиры мен түйеге жеті немесе одан аз адам бірігіп сойса рұқсат; егер жетіден көп адам бірігіп сойса, онда ешбірінен құрбандық болып есептелмейді.
▪️ Егер құрбандыққа екі немесе көп адам біріксе, онда барлығының ниеті құрбандық немесе ақиқа (егер ақиқа шалуға біріксе) болулары шарт етіледі; егер көпшіліктің бірі құрбандық немесе ақиқа емес, етті ниет етсе, онда ешбірінен құрбандық немесе ақиқа болып есептелмейді.
▪️ Егер сиырды құрбандыққа шалуға жеті немесе одан аз адам біріксе және (малды сойғаннан кейін) бірінің үлесі жеті бөліктен аз болса, онда олардың ешбірінен құрбандық болып есептелмейді.
▪️ Егер бай-қуатты адам өз атынан құрбандық шалуды қалап мал сатып алса (мысалы, сиыр), кейін басқа адам онымен серіктес болуды қалады (мысалы, сиырдың жарты ақшасын мен берем деді): егер әлгі адам малды сатып алып жатқанда құрбандықта басқа адаммен серіктес болуды қаласа, рұқсат және мәкруһ емес; егер сатып алып жатқанда басқа адаммен серіктес болуды ниет етпесе, бұлда рұқсат, бірақ мәкруһ.
▪️ Егер адам құрбандыққа мал сатып алғаннан кейін жоғалтып немесе ұрлатып алып басқа мал сатып алса, сосын құрбандық күні алғашқы жоғалтқан немесе ұрлатқан малы табылса: егер ол адам бай болса, онда екеуінің бірін сояды; егер кедей болса, онда екеуінде сояды.
▪️ Егер құрбандыққа екі немесе көп адам серіктес болса, онда мал етін теңдей бөлу керек: таразымен өлшеп бөледі, көзбен қарап жобалап емес; егер біреуінің үлесі артық кетіп қалса, оған артық кеткен ет риба болады; егер қасындағы серіктестеріне (сол малдың) сирақ немесе тері секілді еттен болмаған жыныспен орнын толтырса, онда рұқсат.
▪️ Бір жасқа толған қой немесе ешкі құрбандыққа жарамды, ал егер бір жасар болмаса, онда жарамсыз; екі жасар сиыр мен джәмус құрбандыққа жарамды, егер екі жасар болмаса, онда жарамсыз; бес жасар түйе құрбандыққа жарамды; қалың жүнді, ірі, етті алты айлық қозы: егер басқа қойлармен араласқан сәтте оны басқа қойлардан ажырата алмайтын болса, құрбандыққа жарамды, ал егер (кішкентайлығымен) бірден көзге түсіп, қалған қойдан ажырата алатын болса, онда жарамсыз;
▪️ Егер құрбандық малы соқыр немесе бір көзді немесе көзінің үштен көп бөлігі соқыр болса немесе құлағының үштен көп бөлігі кесілген болса, онда мұндай мал құрбандыққа жарамсыз.
▪️ Егер ақсақ аяғын жерге басып жүре алмай, үш аяқпен жүретін мал болса, құрбандыққа жарамсыз; егер ақсақ аяғын жерге қойып, соған сүйеніп жүре алатын болса, онда жарамды.
▪️ Өте арық мал - құр сүйек, көзе көрінер ешқандай еті жоқ - құрбандыққа жарамсыз; ал егер көзе түсер кейбір еті болса, онда жарамды.
▪️ Дым тісі жоқ мал құрбандыққа жарамсыз; ал егер кейбір тістері түсіп, көбісі болса, жарамды.
▪️ Жаратылысынан мүйізі болмаған мал құрбандыққа жарамды; ал егер кейбір бөлігі ғана сынған болса, олда жарамды; егер түбінен жұлынған болса, онда жарамсыз.
▪️ Егер малдың екі құлағы кесілген немесе құлағы жаратылысынан болмаса: мұндай мал құрбандыққа жарамсыз.
▪️ Кестірілген және қотыр мал құрбандыққа жарамды; егер қотыр себепті мал өте арық болса, жарамсыз.
▪️ Егер адам сау малды құрбандыққа сатып алғаннан кейін мал құрбандыққа жарамсыз қылатын бір айыпқа тап болса: егер пақыр адам болса, онда сол малды құрбандыққа шалса рұқсат; егер әлгі адам бай болса: рұқсат емес ол малды құрбандыққа шалуы, бәлки басқа мал сатып алып, соны құрбандыққа шалуы уәжіп болады.
▪️ Құрбандық шалған адам сол малдың етін жесе рұқсат және туыстарына жегізу, тіпті туыстары бай болса да, және кедейлерге садақа ету мустахаб, бірақ садақа үштен бірінен аспаған абзал.
▪️ Құрбандық шалған адам мал терісін су сақтайтын ыдыс үшін немесе төсеніш немесе дорба секілді пайда беретін нәрседе өзіне пайдаланса рұқсат.
▪️ Егер құрбандыққа шалынған малдың терісін сатса: сол ақша көлемін пақырларға садақа етеді; егер сатпаса: терінің өзін қалаған адамға, бай болсын немесе кедей болсын, садақа етіп берсе рұқсат.
▪️ Құрбандық малының терісін сатып тапқан ақшаны мешіт немесе көпір немесе медресе секілді құрылысқа жұмсауға болмайды.
▪️ Қасапшыға ақы ретінде құрбандық малының етін немесе терісін беруге болмайды.
▪️ Малдың үстіне жабатын жаппа мен малмен бірге келген алқаларын садақа етеді.
▪️ Егер пақыр адам құрбандық шалу ниетімен мал сатып алса, оған сол малды шалу уәжіп болады.
▪️ Кімге құрбандық шалу уәжіп болғаннан кейін құрбандық күндері өтіп кеткенге дейін құрбандық шалмаса, онда оған бір қойдың құнын садақа ету уәжіп.
▪️ Кімде-кім құрбандық шаламын деп нәзір етсе, оған құрбан шалу уәжіп, мейлі нәзір еткен адам кедей болсын немесе бай болсын, және құрбандық етін жемейді, барлығын садақа етеді; егер жеген болса: жеген еттің құнын садақа етеді.
▪️ Егер өмірден өткен адамның атынан құрбандық шалса - яғни, сауабын бағыштау үшін сойса: егер мәйіт құрбандық шалуға өсиет еткен болса және мәйіттің малынан шалынса, онда етін садақа ету керек және ол еттен жеу рұқсат емес; егер мәйіт өсиет етпеген болса, онда малдың етінен жеу рұқсат.
▪️ Егер адам басқа адамның атынан құрбандық шалса және ол адам оған оның атынан құрбандық шалуын сұрамаған\өтінбеген болса, онда оның атынан шалынған құрбандық дұрыс емес; егер екі адам сиырда серіктес болса және екінші адамның рұқсатынсыз сойып тастаса, онда құрбандық ешқайсысының атынан дұрыс емес, құрбандық шалған адамның атынан болсын немесе екінші серіктес адамның атынан болсын (яғни, сойылған мал құрбандық болып есептелмейді).
▪️ Егер құрбандықта екі немесе көп адам серіктес болса, өзара өлшеп бөлмес бұрын етті садақа етсе немесе кедейлерді тамақтандырса, рұқсат.
▪️ Құрбан малын зиммиге сыйласа рұқсат.
▪️ Буаз малды құрбандыққа шалу рұқсат; егер баласы ішінен тірі шықса, оныда сояды.
Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 412-417 бет.