Yesterday

«Құл намазында тұрған кезде, жан-жағына қарамаған күйінде болса, Аллаһу Тағала оған бет бұрып тұрады. Ал егер құл бұрылса, Аллаһ одан теріс бұрылады».

Әбу Зарр (Аллаһ одан разы болсын) риуаят еткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты:

«Құл намазында тұрған кезде, жан-жағына қарамаған күйінде болса, Аллаһу Тағала оған бет бұрып тұрады. Ал егер құл бұрылса, Аллаһ одан теріс бұрылады». Хадисті Ахмад және Әбу Дауд риуаят еткен. Сондай-ақ ән-Нәсәи пен әд-Дарими риуаят еткен.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің әйгілі «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» кітабында (995-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

(«Құл намазында тұрған кезде, жан-жағына қарамаған күйінде болса, Аллаһу Тағала оған бет бұрып тұрады) — яғни, оған рақымымен қарап, сауап беруі. Яғни, құл намазда тұрғанда Аллаһтың рақымының әсері үзілмейді. (Ал егер құл бұрылса) — яғни, мойнымен бұрылса (жан-жағына) қараса, (Аллаһ одан теріс бұрылады») — ибн әл-Мәлик айтты: «Мұндағы мағына — сауаптың азаюы (яғни, намазының сауабы азаяды)».

(Хадисті Ахмад және Әбу Дауд риуаят еткен). Мирәк: «Әбу Дауд оны әлсіз демеген, демек оның қасында бұл хадис хасан», – деген. (Сондай-ақ ән-Нәсәи пен әд-Дарими риуаят еткен).