September 29
«Аллаһ Елшісі ﷺ намазды бастаған кезде екі қолын құлақтарының тұсына дейін көтеретін, содан кейін қайта көтермейтін».
Бара ибн Азибтен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен риуаятта:
«Аллаһ Елшісі ﷺ намазды бастаған кезде екі қолын құлақтарының тұсына дейін көтеретін, содан кейін қайта көтермейтін».
Имам Бадруд-Дин әл-Ғайни әл-Ханафи өзінің әйгілі «Шарху Сунан Әби Дәут» кітабында (732-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
Яғни, бұдан кейін қолдарын қайта көтермейтін. Бұл хадисте екі мәселе бар:
Біріншісі: (ифтитах тәкбірде) қолдарды құлаққа жақын жерге дейін көтеру.
Екіншісі: қол көтеру тек намазды бастау тәкбірінде ғана болады. Ал қол көтеру туралы келген риуаяттар мансұх болған. Мұны бұған дейін бірнеше рет атап өттік.