Құрбандық малынан кімге жеуге болатын және болмайтын жағдайлар
Құрбандық шалып, бірақ өздері етін жеуге болатын жағдайлар:
Құрбандық шалған адам құрбандық етінен өзі жейді және байды (және кедейді) тамақтандырады және (бір бөлігін) өзіне алып қалады. Әйтседе етті үшке бөліп садақа ету абзалырақ. Ал егер еттің барлығын өзіне алып қалса - рұқсат және қаржылық жағдайы нашар болған жан-ұя шалған құрбандық етін садақа қылып таратпай, өздеріне алып қалғаны абзал.
Құрбандық шалып, бірақ өздері етін жеуге болмайтын жағдайлар:
Құрбандық шаламын деп нәзір еткен адам өзі шалған құрбандықты жеуге болмайды¹ және құрбандық күндері өтіп кеткеннен кейін садақа қылу уәжіп болған малды жеуге болмайды² және өмірден өткен адам «менің атымнан құрбандық шалыңдар» деп әмір еткен мәйіттің құрбандығын жеуге болмайды³ және құрбандық шалу уәжіп болмаған пақыр адам құрбандық үшін сатып алған малдың етін жеуге болмайды⁴ және құрбандыққа шалынатын мал сояр алдын қозы туса, оны жеуге болмайды⁵ және ірі қара малған біріккен жеті адамның кейбірі өткен жылғы құрбандықты ниет еткен малдың етін жеуге болмайды, бәлки барлығын кедейлерге садақа етеді.
Мал бауыздап білсе, онда өз қолымен бауыздағаны жақсы, егер білмесе, өзі қасында отырып, басқаға бауыздатқызады; малды кітап иесіне бауыздатқызу мәкруһ, ал егер ол бауыздаса - рұқсат, ал мәжусиге бауыздатқызса - харам.
¹Егер жеген болса, жеген еттің құнын шығарып садақа етеді.
²Егер құрбандықтың үш күнінде құрбандығын шалып үлгермей қалса, онда етін жей алмайды, садақа етеді.
⁴Өйткені пақырдың сатып алған малы оған нәзір секілді болады, сондықтан етін жемей садақа етеді (бұл мәселеде ғалымдар арасында хиләф бар: бір тобы етін жеуге болады десе, екінші тобы болмайды дейді).
Имам Әләуд-Дин ибн Мухаммад Әмин Әбидин әл-Ханафи, «әл-Һадийяту әл-Ғәләия», 337-338 бет.