June 22

Әрбір балиғатқа жеткен, шариғат үкімдеріне жауапты мұсылманға білім алу парыз.

Имам Ибн Кәмәл Баша әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің «әл-Мунира» кітабында (142-143 бетте) айтты:

Білгін: Құран мен Сүннеттің дәлелімен білім алу әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз екенін біз анық білдік.

Құрандағы дәлелдерге келсек, Аллаһ Тағала:

«Білетіндер мен білмейтіндердің терезесі тең бе?» – деп, айт﴿ («әз-Зумәр» сүресі, 9-аят),

сондай-ақ:

(Ей, кәпірлер һәм басқа да адамдар,) егер өздерің білмесеңдер, шынайы ілім иелерінен сұраңдар!﴿ («Нәхл» сүресі, 43-аят), — деп бұйырған.

Ал Сүннеттен дәлел ретінде Пайғамбарымыз ﷺ:

«Білімді бесіктен қабірге дейін іздеңдер»,

сондай-ақ:

«Білім – дүние мен ондағы барлық нәрседен артық», — деген.

Кімде-кім өзіне парыз болған білімді үйренуді тастаса, ол күнәһар болады. Ал күнәһар адам күнәсінен тәубе етпейінше салиқалы адам саналмайды. Күнәсін жалғастыра беру – өз алдына тағы бір күнә. Ендеше, мұндай адам нәпіл ғибадаттарды орындау арқылы қалайша сауапқа лайық болмақ?! Өйткені нәпіл амал қабыл болуы үшін адамның ең төменгі дәрежеде болса да салиқалы болуы шарт. Бұл жөнінде бұған дейін бірнеше рет айтылған еді.