Today

Жұма күні аз болса да садақа беру.

Сәһл ибн Сағд айтты:

«Арамызда бір әйел бар еді. Ол өз егістігіндегі су арықтарының бойына қызылша жапырағын өсіретін. Жұма күні оның түптерін жұлып алып, қазанға салатын. Содан кейін бір уыс арпаны тартып, үстіне қосатын. Қызылша жапырақтың түптері тағамдағы еттің орнын басатын.
Біз жұма намазынан қайтқанда, оған сәлем беріп соғатынбыз. Ол сол тағамды алдымызға қоятын, біз оны сүйсініп жейтінбіз. Сол тағамы үшін жұма күнінің келуін асыға күтетінбіз».

Имам Бадруд-Дин әл-Ғайни әл-Ханафи өзінің әйгілі «Ғумдату әл-Қари шарх Сахих әл-Бухари» кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

Осы хадистен алынатын ғибраттар:

Бөтен әйелдерге сәлем беруге болатыны¹ және аз ғана нәрсемен болса да, жақсылық жасау арқылы Аллаһқа жақындаудың құпталатыны.

Сондай-ақ сахабалардың (Алла оларға разы болсын) қанағатшылдығы, тұрмыстарының ауыр болғаны әрі дүние мен оның рақаттарына құмартпағаны көрінеді.

Тағы бір ғибрат — құлшылыққа асығу.

¹Жас қыздарға сәлем беру мәкруһ.