Пайғамбар ﷺ Мәдинадағы сауыт-сайманын бір яһудиге кепілге қойып, одан отбасына қарызға арпа алған болатын.
«Хазіретті Әнәстан – Аллаһ оған разы болсын – жеткізген хадисте, ол арпа наны мен ашыған сары маймен Пайғамбарға ﷺ барды. Пайғамбар ﷺ Мәдинадағы сауыт-сайманын бір яһудиге кепілге қойып, одан отбасына қарызға арпа алған болатын. Мен оның: «Мухаммадтың әулетінде кешке бір сағ бидай да, бір сағ дән де болмаған және оның тоғыз әйелі болған», – дегенін естідім» (хадисті Бухари риуаят етті).
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 5239) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Хазіретті Әнәстан – Аллаһ оған разы болсын – жеткізген хадисте, ол арпа наны мен сәл ашыған/қышқылғын татыған сары маймен) яғни, көп сақталғаннан иісі шыққан май. «Ән-Ниһая» кітабында: «Құйрық майдан ерітілген май деп айтылған. Қатқан май деп те айтылды және иіс өзгерген май деп те айтылды (яғни, қандай май болғандығына байланысты үш түрлі сөз бар)» (Пайғамбарға ﷺ барды). (Пайғамбар ﷺ Мәдинадағы сауыт-сайманын бір яһудиге кепілге қойып, одан отбасына қарызға арпа алған болатын) яғни, мүмкін (сахабалардан сұрамай) яһудейден қарыз алу себебі: Кітап илереіне кепілге зат қойып, олардан қарыз алуға рұқсат екенін көрстеу үшін немесе өзінің қиын жағдайын кедейлерге көрсетпуі үшін немесе (Пайғамбар ﷺ қарыз сұраған уақытта) олар (яғни, сахабалар) Пайғамбардың ﷺ қолын бос қайтарудан ұялғаннан қолдарындағы барын беріп қояды деп оларға ауыртпалық тудырмас үшін. Ең анық түсіндірмесі бұл Аллаһу Тағаланың: ﴾Оларға айт: «Мен сендерден (өздеріңді осынау жетісікке жеткізетін хақ дінді насихаттағаным үшін) ешқандай ақы сұрамаймын...», - деп айт﴿, – деген аяттың әсірелеуі, яғни оның ﷺ үмметтен (хақ дінге насихаты үшін) ақы сұраудан, тіпті ақы алуға ұқсап қалудан да тыйылу. Ұлы имамымыз (Әбу Ханифа), Аллаһу тағала оны рақымына алсын, өзінен қарыз алған адамның қабырғасының көлеңкесін көлеңкілемейтін (яғни, көлеңкілеп болса да пайда алмайтын) және оны: «Пайда әкелетін әрбір қарыз – өсімқорлық» деген хадиспен түсіндірген (яғни, Имам Әбу Ханифа өзінен қарыз алған адамдардан қандайда бір пайда алудан, тіпті пайда алушыға ұқсаудан да қашқан).
Имам Хамзаның Құран қариларының жеті имамының бірі болғаны, ол туралы әл-Шәтиби, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген:
«Хамза, ол тақуа еді, Құранды жатқа оқитын сабырлы имам еді».
Ол (Имам Хамза) өзінің ұстаздығы үшін ешқашан ақы алмаған, өйткені бұл (Құран үйреткені немесе жалпы хақ дінді насихаттағаны) үшін ақы алудың ауырлығы туралы хадисті қатты ұстанған немесе өзінің қатты тақуалығы үшін. Тіпті ыстық күні шәкірті оған су ұсынған кезде ол бас тартатын. Бір күні ол құдыққа құлап кеткен деседі, енді оны құдықтан шығаруға келгендердің бәрінен ол: «Сен меннен дәріс алдың ба?» деп сұрайды екен. Егер: «Иә, сізден дәріс алғанбыз», - десе, оның көмегінен бас тартып құдықтан шықпайтын (яғни, шәкіртінен қандайда бір көмек алуды Құран үйреткені үшін ақы алу деп қатты қорыққан) және сол кезде Куфа тұрғындарының барлығы дерлік оның шәкірттері еді. Далада жүрген бір бәдәуиді алып келіп, ол одан және оның шәкірттерінен ешқашан білім алмағаның түсіндіріп, (бәдәуи арқылы) құдықтан шығарып алғанға дейін Куфа тұрғындары оны құдықтан шығара алмаған. (Мен оның: «Мухаммадтың әулетінде кешке бір сағ бидай да, бір сағ дән де болмаған) яғни, сақтап қойған ешқандай азық-түлігі болмаған. Мағынасы, түнде ертеңгі күнге ешнәрсе сақтамаған; (және оның тоғыз әйелі болған», – дегенін естідім») яғни, хазіретті Әнәс естіген».