April 25

Хасан әл-Басри былай дейтін: «Аспаннан жерге құлау — “іс менің қолымда” деп айтқанымнан әлдеқайда жақсырақ».

Хасан әл-Басри былай дейтін:

«Аспаннан жерге құлау — “іс менің қолымда” деп айтқанымнан әлдеқайда жақсырақ».

Үлкен мухаддис имам Халил Ахмад әс-Сәһәранфури әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің әйгілі «Бәзл әл-Мәджһууд фи халли сунан Әбу Дәуд» кітабында (4611-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

Яғни, бұл сөзбен тағдырды жоққа шығару меңзеледі. Өйткені адам: «іс менің қолымда» десе, онда ол өз амалдарының жаратушысы өзін деп есептеген болады. Ал бұл — Аллаһ Тағала құлдың іс-әрекеттерінің Жаратушысы екенін теріске шығару, яғни тағдырды жоққа шығару болып табылады.

Неліктен құлау “жақсырақ” делінді? Өйткені аспаннан жерге құлау — денеге қатысты азап, ал мұндай сөз айту — дінге зиян келтіретін нәрсе.