Today

Аллаһ Елшісі ﷺ Нәжранда болған Амр ибн Хазмға хат жазып: «Құрбан айт намазын ертерек оқыңдар, ал Ораза айт намазын кешірек оқыңдар әрі адамдарға насихат айтыңдар».

Аллаһ Елшісі ﷺ Нәжранда болған Амр ибн Хазмға хат жазып:

«Құрбан айт намазын ертерек оқыңдар, ал Ораза айт намазын кешірек оқыңдар әрі адамдарға насихат айтыңдар», — деген.

Имам (әл-Музһири атымен танымал) Мухаммад ибн әл-Хусәйн әз-Зәйдәни әл-Ханафи (һ. 727 ж. қайтыс болған) «әл-Мәфәтих фи шарх әл-Мәсабих» кітабында (1023-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

(Амр ибн Хазм) — Аллаһ Елшісінің ﷺ Нәжрандағы өкілі болған. Нәжран — Йемендегі бір қаланың атауы.

Яғни, сүннет бойынша Құрбан айт намазы күн шыққаннан кейін аз уақыт өткен соң оқылады. Өйткені адамдар намаздан кейін құрбан шалумен айналысуы үшін.

Ал Ораза айт намазы біраз уақыт өткеннен кейін оқылады. Бұл адамдарға намазға дейін пітір садақасын беріп үлгеруге кеңірек уақыт беру үшін.