April 23

Жұма күні ғұсыл құйыну және хош иіс себіну туралы.

880 — Амр ибн Сулейм әл-Ансари (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді:

«Мен Әбу Саидтен естігеніме куәмін, ол Аллаһ Елшісі ﷺ туралы куәлік беріп былай деді: «Жұма күні ғұсыл алу — әрбір «мухтәлим» адамға міндет. Сондай-ақ мисуак қолдануы және егер тапса, хош иіс жағуы (тиісті)».

Шейх Мухаммад Әли ас-Сабуни әл-Ханафи өзінің «әш-Шарх әл-муяссар ли-Сахих әл-Бухари» кітабында (880-ші) халистің түсіндірмесінде айтты:

Хадистен алынатын пайдалар:

Біріншісі: бұл хадисте ғұсыл алудың шариғатта бекітілген әрі талап етілетін амал екені көрсетілген. Бірақ ол парыз немесе уәжіп емес, сүннет ретінде талап етіледі.

Екіншісі: «мухтәлим» деген сөзден мақсат — балиғатқа жеткен адам. Ол түсінде жүніп болған-болмағанына қарамастан, өйткені мұндағы мақсат — тазалық.

Үшіншісі: ғалымдардың бірауыздан келіскені — жұма намазы ғұсылсыз да дұрыс болады. Бұған дәлел — мисуак пен хош иістің бірге айтылуы. Ал бұл екеуі ғалымдардың келісімі бойынша мустахаб амалдар. Демек, бұл ғұсылдың да сүннет екенін айқын көрсетеді.

Нәзік ескерту:

Жұма күні — мұсылмандардың апта сайынғы мейрамы болғандықтан, бұл күні олар Аллаһтың үйлерінде жиналып, жұма намазын орындайды. Сондықтан мұсылман адам мешітке ең көркем әрі ең кемел күйде — тазалықпен, хош иіспен және көркем кейіпте келуі талап етіледі.

Аллаһ Елшісі ﷺ осыған ынталандырып, былай деген:

«Бұл — Аллаһ мұсылмандарға мейрам етіп берген күн. Кім жұмаға келсе, ғұсыл алсын. Егер оның хош иісі болса, одан қолдансын. Сондай-ақ сендерге мисуак (қолдану) керек».

881 — Салман әл-Фариси (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айттыі:

«Кім жұма күні ғұсыл алып, шамасы келгенше толық тазарса, өз майынан майланып немесе үйіндегі хош иістен сепсе, кейін мешітке шығып, екі адамның арасын айырмай отырса, содан соң өзіне нәсіп болған намазды оқыса, кейін имам хұтба айтқан кезде үнсіз тыңдаса, оның осы жұма мен келесі жұманың арасындағы күнәлары кешіріледі».

Шейх Мухаммад Әли ас-Сабуни әл-Ханафи өзінің «әш-Шарх әл-муяссар ли-Сахих әл-Бухари» кітабында (881-ші) халистің түсіндірмесінде айтты:

Хадистің түсіндірмесі:

Бұл хадистің түсіндірмесінде жұма күні мұсылманды бірнеше ізгі амалдарға ынталандыру бар:
— жұма күні толық тазалану (ғұсыл алу);
— хош иіс қолдану;
— ең көркем киімін кию;
— мешітте отырған адамдардың арасын бөліп-жарып өтпеу;
— шамасы келгенше нәпіл намаз оқу;
— имам құтпа айтқанда үндемей тыңдау.

Бұл — барлығы жеті амал. Аллаһ Елшісі ﷺ осы істерге шақырды, өйткені олар Аллаһтың кешіріміне қол жеткізуге және бір апта бойы жасалған күнәлардың кешірілуіне себеп болады.

Сауабы өте үлкен, ал бұл амалдарды орындау жеңіл әрі оңай. Мұның бәрі — Аллаһтың мүмін құлдарына деген кеңшілігі мен рақымының көрінісі.

Хадистен алынатын пайдалар:

Имам Бадруд-Дин әл-Ғайни былай айтты: «Бұл хадистен жұма күні ғұсыл алудың жақсы көрілген іс екені аңғарылады. Сондай-ақ онда денеге май жағу мен хош иіс қолданудың жақсы көрілген. Жұма күні адамдардың мойнын аттап өту (арасын жарып өту) мәкруһ екендігі, ал құтпа кезінде имамды үнсіз тыңдау уәжіп екендігі де осы хадистен түсініледі».

Ал бір жұма мен келесі жұма арасындағы күнәлардың кешірілуі — жоғарыда аталған жеті амалдың орындалуына байланысты.

Бұл кешірім кіші күнәларға қатысты. Ал үлкен күнәлар үшін міндетті түрде шынайы тәубе, өкініш және күнәға қайта оралмауға нық шешім қажет.