Бір адам: «Уа, Аллаһ Елшісі ﷺ, менің әкем қайда?» — деп сұрады. Аллаһ Елшісі ﷺ: «Әкең тозақта», — деді. Әлгі адам бұрылып кеткен кезде, Аллаһ Елшісі ﷺ оны шақырып: «Расында, менің әкем де, сенің әкең де тозақта», — деді».
Хазіретті Әнәс жеткізген хадисте:
«Бір адам: «Уа, Аллаһ Елшісі ﷺ, менің әкем қайда?» — деп сұрады. Аллаһ Елшісі ﷺ: «Әкең тозақта», — деді. Әлгі адам бұрылып кеткен кезде, Аллаһ Елшісі ﷺ оны шақырып: «Расында, менің әкем де, сенің әкең де тозақта», — деді».
Үлкен мухаддис имам Халил Ахмад әс-Сәһәранфури әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің әйгілі «Бәзл әл-Мәджһууд фи халли сунан Әбу Дәуд» кітабында (4618-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Бір адам: «Уа, Аллаһ Елшісі ﷺ, менің әкем қайда?» — деп сұрады) яғни: жәннатта ма, әлде тозақта ма? (Аллаһ Елшісі ﷺ: «Әкең тозақта», — деді). Өйткені ол күпірлікте қайтыс болған. (Әлгі адам бұрылып кеткен кезде, Аллаһ Елшісі ﷺ оны шақырып: «Расында, менің әкем де, сенің әкең де тозақта», — деді»).
«Фәтху әл-Уәдуд» кітабында айтты: «Пайғамбарымыздың ﷺ ата-анасы құтылды деп айтқандар, бұл хадисті “әке” сөзі “көке” мағынасында қолданылған деп жориды. Өйткені араб тілінде “әке” сөзі кейде көкеге де айтылады. Әбу Талиб Пайғамбарымызды ﷺ тәрбиелегендіктен, осы тұрғыдан оған “әке” атауын қолдануға болады».