Yesterday

Аллаһ Елшісі ﷺ бір жерде отырып (сахабалрымен) сөйлескен кезде, көзін аспанға жиі көтеретін еді.

Әбу Абдуллаһ ибн Сәләм (Аллаһ одан разы болсын) әкесінен жеткізеді:

«Аллаһ Елшісі ﷺ бір жерде отырып (сахабалрымен) сөйлескен кезде, көзін аспанға жиі көтеретін еді».

Үлкен мухаддис имам Халил Ахмад әс-Сәһәранфури әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің әйгілі «Бәзл әл-Мәджһууд фи халли сунан Әбу Дәуд» кітабында (4837-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

Хазірет Мухаммад Яхья марқұм «әт-Тақрир» еңбегінде былай деді: «(Ол ﷺ) көзін аспанға жиі көтеретін еді». Мұнда оның сөйлесуі мен әңгімесі өзін негізгі мақсатын — аспаннан келетін хабарларды жеткізуді — ұмыттырып, алаңдатпағанына ишара бар.

Сол сияқты мүмін адам да өз сөзінде, түсіндіруінде және барлық халінде Раббысына құлшылықтан, Оны еске алудан бейқам болмауы, сондай-ақ парыз бен нәпіл міндеттерінде босаңдық танытпауы тиіс.

Осы тұрғыдан бұл риуаят — мұсылман адам сөйлеген кезде қандай күйде болуы керектігін баяндайды. Яғни, бұл — жасандылықсыз, табиғи түрде көрінетін сөз әдебінің бір түрі».