Yesterday

Жұма намазының оқылу тәртібі

Ауған Ислам Әмірлігіндегі Һират өлкесінің әкімі, хадис және фиқһ ұстазы, муджаһид Шейх Нур-Ахмад Исламжар әл-Ханафи әл-Матуриди ханафи мәзһабының фиқһын баяндайтын «әл-Мәтин фи әл-Фиқһ» (жұма намаз бабында) кітабында айтты:

Жұма намазының алдында төрт ракағат бекітілген сүннет оқиды. Содан кейін имаммен бірге екі ракағат жұма намазының парызын оқиды. Одан кейін төрт ракағат бекітілген сүннет, содан соң тағы екі ракағат намаз оқиды¹.

¹Бұл екі намаз [жұманың алдындағы және кейінгі төрт ракағат] Имам Әбу Юсуфтың пікірінше бекітілген сүннет («Фаридия», 3/114). «әз-Зәхира» мен «әт-Тәджнис» кітаптарында және көптеген машайықтарымыз Имам Әбу Юсуфтың пікірін ұстанғаны айтылған («әл-Бахр», 2/53). Имам ат-Тахауи және біздің машайықтарымыздың көпшілігі де осы пікірді қабылдаған. Бүгінде де осы пікірге амал етіледі («Маджмағу әл-Әнһар», 1/130).

Мен айтамын: Имам Ағзамның пікірі «Захир ар-риуая» екені сізге жасырын емес. Сондықтан бізге одан бас тарту лайық емес (яғни ханафи мәзһабының пікірі бойынша, жұмадан кейінгі төрт ракағат — бекітілген сүннет, ал одан кейінгі қосымша екі ракағат — нәпіл). Сол себепті «Әлемнің муфтиі» атанған муфти Кифаятуллаһ «Тағлим әл-Ислам» кітабында [жұмадан кейін оқылатын] екі ракағаттың (бекітілген сүннет емес,) нәпіл намаз екенін айтқан. Ал «әл-Махмудияда»: «Имам Әбу Юсуфтың пікірі риуаяттардың барлығын қамтиды, ал муфти Кифаятуллаһтың риуаяттарды өзара үйлестіруі дұрысырақ», — делінген.

Пайдалы мәселе: Имамдардың күні атанған әл-Халуани: «Ең абзалы — алдымен төрт ракағат, содан кейін екі ракағат оқу», — деген. Бұл сөзімен ол төрт ракағатты бұрын оқу мен екі ракағатты бұрын оқудың арасында адам өз еркі екеніне ишара еткен. Алайда төрт ракағатты бірінші оқу абзал. Өйткені парыздан кейін дәл парыз секілді [екі ракағат] нәпіл оқыған болып қалмауы керек («әл-Мухит әл-Бурһани»).