«Егер үш адам сапарға шықса, олардың біреуі әмір (басшы) етіп сайлансын».
Әбу Саид әл-Худри Аллаһ Елшісі ﷺ мына сөзін жеткізді: «Егер үш адам сапарға шықса, олардың біреуі әмір (басшы) етіп сайлансын». Хадисті Әбу Дәуіт риуаят етті.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 4347) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Егер үш адам) яғни, мысал ретінде үшеуі айтылған (сапарға шықса) мағынасы: егер жамағат болса, олардың ең азы — үшеу, бірақ бұл үкім екі адамға да қатысты. Үшеуді ғана атап өткен себебі — «екі адам — шайтан» деген хадис бұған дейін айтылған, (олардың біреуі әмір етіп сайлансын») яғни, солардың ішіндегі ең абзалын әмір етіп сайласын¹.
«Шарху әс-Сунна» кітабында айтты: «Пайғамбар ﷺ бұл бұйрықты — олардың ісі бірлікпен, ортақ шешіммен жүзеге асуы үшін және өзара келіспеушілік туындап, қиындыққа түспеуі үшін айтты. Бұл хадис: Егер екі адам өзара біреуді араларында төреші етіп қойып, ол әділ үкім берсе — оның үкімі жарамды болатынына дәлел».
¹Бұл жерде «әмір сайлау» бұйрығы — уәжіп немесе парызды емес, мустахабты (яғни, құпталған іс екенін) білдіреді (үлкен мухаддис имам Халил Ахмад әс-Сәһәранфури әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәзл әл-Мәджһууд фи халли сунан Әбу Дәуд», 9\193).
Ескертпе: Бұл үкім — ер адамдарға қатысты, себебі әйел адамның күйеуінсіз не махрамсыз сапарға шығуына шариғатта рұқсат жоқ.