Yesterday
Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Адамдарға сондай бір заман келеді: өсімқорлық жемеген ешкім қалмайды. Егер оны өзі жемесе де, оның буынан оған бір нәрсе тиеді».
Хазіретті Әбу Һурайра (Аллаһ одан разы болсын) риуаят еткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты:
«Адамдарға сондай бір заман келеді: өсімқорлық жемеген ешкім қалмайды. Егер оны өзі жемесе де, оның буынан оған бір нәрсе тиеді». Тағы бір риуаятта: «оның шаңынан» деп келген.
Имам (әл-Музһири атымен танымал) Мухаммад ибн әл-Хусәйн әз-Зәйдәни әл-Ханафи (767 һ.ж. қайтыс болған) «әл-Мәфәтих фи шарх әл-Мәсабих» кітабында (2061-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Адамдарға сондай бір заман келеді: риба жемеген ешкім қалмайды. Егер оны өзі жемесе де, оның буынан оған бір нәрсе тиеді») деген сөздегі “бу” — тамақ піскен кезде қазаннан шығатын түтінге ұқсас нәрсе.
Яғни ақырзаманда адамдардың көбі өсімқорлық жейді. Егер адам өсімқорлықтың өзін жемесе де, оған күнәдан бір үлес тиеді. Мысалы, өсімқорлық келісіміне куә болады, өсімқорлық құжатын жазушы болады немесе оның өсімқорлықтан болған мал екенін біле тұра, өсімқорлық жеген адамның қонақасынан және сыйлығынан жейді.