August 12

Аллаһ үшін жақсы көрудің жемісі.

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты:

«Егер екі құл Аллаһ Тағала үшін бір-бірін жақсы көрсе, бірі шығыста, екіншісі батыста болса да, Аллаһ Тағала Қиямет күні екеуін міндетті түрде бірге жерге жинайды да: “Міне, бұл — Мен үшін жақсы көрген адамың”, — дейді».

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» кітабында (5024-ші) хадистің түсіндірмесінде айтты:

(«Егер екі құл Аллаһ Тағала үшін бір-бірін жақсы көрсе, бірі шығыста, екіншісі батыста болса да, Аллаһ Тағала Қиямет күні екеуін міндетті түрде бірге жерге жинайды да) яғни, олардың бірінің екіншісіне шапағат етуі арқылы немесе жәннатта бір-бірімен жолдас болып, бір-біріне барып тұрып, көрші болуы үшін бірге жинайды да, Аллаһ Тағала: ( “Міне, бұл — Мен үшін жақсы көрген адамың”, — дейді»). Сондай-ақ Аллаһ Тағала мұны олардың әрқайсысына бір періштенің тілімен немесе ешбір дәнекерсіз айтуы да мүмкін.