Ахлақ
March 28, 2020

Оңашаланудың үшінші пайдасы

Алауыздық (фитна) мен жанжалдардан арылу және діні мен нәпсісін алауыздыққа түсуден және оның қатерлерінен қорғау. Елдердің жікшілдіктен, бүліктер мен жанжалдардан ада болатын кезі өте сирек. Елден оңашаланған адам бұдан аман қалады.

Абдулла ибн Амр ибн Ас {Алла оған разы болсын} айтады: «Пайғамбарымыз {ﷺ} фитналар (бүліктер) жайлы айтып:

– Адамдардың уәделері ойнамалы, сенімділіктері азайғанын және олардың мынадай болғанын көрген сәтіңде... – деп сипаттаған кезде мен:

– Уа, Алланың елшісі! Ол кезде не істеуімізді тапсырасыз? – дедім. Пайғамбарымыз {ﷺ}:

– Үйіңде отыр, тіліңе ие бол! Жақсы деп білгеніңді істе, жаман деп білгеніңнен қаш! Жеке мәселеңе қара, көпшілік мәселесінен аулақ бол! – деді» [Әбу Дәуіт, Насаи].