Байқоңыр мешіті
@baikomeshit
Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінің ресми парақшасы
37 posts
Ахлақ

Шүкір ету – Алла Тағаланың құлдарына бұйрығы

Құранның көптеген аяттарында Алла Тағала құлдарын шүкір етуге бұйырған.

Шүкір ету – пайғамбарлардың сипаты

Адамзатқа ақ пен қараны ажыратып беруші барлық пайғамбарлардың бойында болған ізгі қасиеттердің бірі – шүкірлік. Құранда Нұх пайғамбар {ﻋﻠﻳﻪﺍﻠﺳﻼﻡ} жайында:

әш-Шакуру – Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі

«Шүбәсіз, Алла (құлдары қанша жерден ауыр күнә жасаса да тәубеге келген жағдайда) өте кешірімді, әрбір жақсылық пен сауапты істің қарымын еселеп қайтарушы».

Шүкірлік

«Шүкірлік ету дегеніміз – Алла Тағаланың берген нығметтерінің құлының бойында мадақ сөздері мен мойындауы арқылы тілінен, куәлік етуі мен махаббаты арқылы жүрегінен, бағыну мен бой ұсыну арқылы денесінен көрініс табуы».

Оңашаланудың алтыншы пайдасы

Ақымақтар мен жағымсыз адамдарды көруден және олардың ақымақтықтары мен мінездерінің зардабын тартудан құтылу. Сондай-ақ жағымсыз адамды көрудің өзі – кіші соқырлық.

Оңашаланудың бесінші пайдасы

Халықтың сенен дәмесі, сенің халықтан дәмеңнің үзілуі. Адамдардың разылығын табу – жетуі қиын алыс меже. Сондықтан адам өзін түзетумен айналысқаны абзалырақ. Араласқан адамдарыңның сенің мойныңдағы ақыларының ең жеңілі – жаназасына қатысу, ауырса көңілін сұрау, үйленсе тойына баруың.

Оңашаланудың төртінші пайдасы

Адамдардың жамандығы мен кесірінен құтылу. Себебі адамдар саған бірде ғайбатпен, бірде жаман ой, жаламен, бірде орындалуы қиын ұсыныстар жасаумен, енді бірде өтірікпен және сөз тасумен азар береді. «Жамандармен араласу жақсылар жайында жаман ой тудыруға себеп болады» деген сөз бар.

Оңашаланудың үшінші пайдасы

Алауыздық (фитна) мен жанжалдардан арылу және діні мен нәпсісін алауыздыққа түсуден және оның қатерлерінен қорғау. Елдердің жікшілдіктен, бүліктер мен жанжалдардан ада болатын кезі өте сирек. Елден оңашаланған адам бұдан аман қалады.

Оңашаланудың екінші пайдасы: Рияқорлық

Рия – емі жоқ созылмалы ауру. Адамдармен араласқан әрбір адам олардың көңілінен шыққысы келеді. Ал олардың көңілінен шыққысы келген рияқорлық, жасандылық жасайды. Ал рияқорлық, жасандылық жасаған адам олардың түскен халіне түседі. Сөйтіп, олардың құрығаны сияқты өзі де құриды. Рияқорлық пен жасандылықта екіжүзділік бірге жүреді.

Оңашаланудың екінші пайдасы: Әмір бил мағруф наһи анил мункар

Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю – дін негіздерінің бірі, парыз. Әбу Бәкір {Алла оған разы болсын} хұтба оқу барысында: