Ахлақ
March 28, 2020

Оңашаланудың екінші пайдасы: Рияқорлық

Рия – емі жоқ созылмалы ауру. Адамдармен араласқан әрбір адам олардың көңілінен шыққысы келеді. Ал олардың көңілінен шыққысы келген рияқорлық, жасандылық жасайды. Ал рияқорлық, жасандылық жасаған адам олардың түскен халіне түседі. Сөйтіп, олардың құрығаны сияқты өзі де құриды. Рияқорлық пен жасандылықта екіжүзділік бірге жүреді.

Пайғамбарымыз {ﷺ} хадисінде: «Адамдардың ең жаманы екіжүзділер екенін көресің. Аналарға басқа бір жүзімен, мыналарға басқа бір жүзімен барады» [Бухари, Муслим], – деген.