Ахлақ
March 28, 2020

Оңашаланудың төртінші пайдасы

Адамдардың жамандығы мен кесірінен құтылу. Себебі адамдар саған бірде ғайбатпен, бірде жаман ой, жаламен, бірде орындалуы қиын ұсыныстар жасаумен, енді бірде өтірікпен және сөз тасумен азар береді. «Жамандармен араласу жақсылар жайында жаман ой тудыруға себеп болады» деген сөз бар.

Жалпы, адам баласы дінінде, дүниесінде, мінезі мен істерінде кемшіліктен ада болмайды. Абзалы – діндарлығы мен дүниесінде айыбының жасырын қалуы. Олардың ашылуымен тыныштық та кетеді. Әбу Дарда {Алла оған разы болсын}: «Адамдар бұрын тікенсіз жапырақ еді. Бүгін жапырақсыз тікенге айналды», – деген.