Тәпсір
April 6, 2020

Аср сүресінің тәпсірі: Сабырға шақыратындардың жеңісі

Сонымен қатар аяттың жалғасында: «және (қайғы-қасіретте, ауыртпалық түскенде, сондай-ақ тура жолдан таймау һәм асау нәпсі мен әзәзіл шайтанға ермеу мәселесінде) бірін-бірі сабырға шақыратындардың жөні бөлек», – дейді. Яғни «Сондай-ақ өзара бірін-бірі қиыншылықтар мен ауыртпашылықтарға сабыр етуге, тыйым салынған істерді тәрк етіп, құлшылықпен айналысуға өсиет ететіндерден басқасы» дегенді меңзеуде.

Алла Тағала мына төрт нәрсені жасағандардан бөлек басқа адамдардың барлығы қасіретте деп үкім етті:

Иман келтіру

Ізгі істер жасау

Өзара ақиқатты өсиет ету

Өзара бір-бірін сабырға шақыру

Сондықтан адам баласы иман келтіріп, салиқалы амал жасау, басқаға насихат жасап, оларға тура жолды көрсету сынды істерді өз бойында толық жинағанда ғана адам нағыз жеңіске қол жеткізеді.

Имам әл-Бәйһақи өзінің жинағында Хузәйфадан риуаят еткен хадисте: «Сахабалар бір-бірімен қоштасарда бір-біріне «Аср» сүресін оқып сәлем бермейінше, ол жерден тарқаспайтын», – деген.