Оңашаланудың екінші пайдасы: Ғайбат
Көп жағдайда адамдармен араласқанда бетпе-бет келетін күнәлардан оңашалану арқылы құтылып, аман қалу. Бұл күнәлар:
Ғайбат
Сөз тасу
Риякерлік
Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю міндетін орындай алмау
Халық арасында жүріп ғайбаттан сақтану өте қиын іс. Жалпы халықтың әдетінде адамдардың арына тіл тигізіп, аузын былғау, сонымен көңіл көтеріп, соның ләззатын алу деген нәрсе бар. Адамдардың ар-намысы – олардың ең дәмді асы, ең рахат ісі.
Халықпен араласып, олардың осы ісіне қосылсаң, күнәға батасың және Алланың ашуына душар боласың. Ал үнсіз отырсаң, оларға ортақ болғаның. Тыңдаушы да ғайбатшының бірі саналады. Ал оларға қарсы шықсаң, олар саған ашуланады да, ғайбаттап жатқан адамдарын тастай салып, сені ғайбаттауға шығады. Сөйтіп, бір ғайбаттың үстіне бір ғайбат қосады.