Рамазан
May 14, 2020

Қадір түнінің артықшылығы

Сахаба Әнас ибн Мәлик {Алла оған разы болсын} былай деп айтқан: «Рамазан келгенде Алланың Елшісі (ﷺ): «Расында, сендерге бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айрылып қалады!» – деп айтты» [Ибн Мәжа 1/289].

Сахаба Әбу Һурайра {Алла оған разы болсын} жеткізген хадисте пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, сауабын Алладан күтіп, ғибадат-құлшылықпен өткізсе, өткен-кеткен күнәлары кешіріледі» [Бухари], – деген екен.