Ахлақ
March 28, 2020
Оңашаланудың екінші пайдасы: Әмір бил мағруф наһи анил мункар
Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю – дін негіздерінің бірі, парыз. Әбу Бәкір {Алла оған разы болсын} хұтба оқу барысында:
«Уа, халайық! Сендер «Әй, мүміндер! Сендер өздеріңді түзетулерің керек! Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды» деген аятты оқисыңдар да, оны орынсыз қолданасыңдар. Мен Алла елшісінің {ﷺ}: Адамдар тыйым салынған бір істі көре тұра одан қайтармаса, Алла барлығына бірдей болатын азап жіберуі әбден мүмкін» [Тирмизи], – дегенін естідім», – деген.