Тәпсір
April 6, 2020

Аср сүресінің тәпсірі: Иман келтіргендердің жеңісі

Келесі аятта: «Тек иман келтіргендердің, соған сай (өздерін һәм бүкіл қоғамды түзеуге бағытталған) игілікті істер атқаратындардың» делінеді. Яғни: «Иман келтіріп, салиқалы амалдар жасап, екеуін бір арнада тоғыстырған пенделер – міне, солар жеңіске жеткендер. Өйткені олар болмашы нәрсені аса қымбат нәрсе үшін сатып, өткінші құмарлықтардың орнын мәңгі пайда келтіретін ізгі істермен ауыстырған», – деп, аяттың жалғасында: «Бір-біріне ақиқатты насихаттайтындардың», – дейді. Яғни: «Сондай-ақ бір-біріне ақиқатты өсиет ететін», – деуде. Мұндағы ақиқат дегеніміз – иман келтіру, растау және Рахман Аллаға құлшылық ету сынды бүкіл жақсылықтарды ұғындырады.