Ахлақ
March 28, 2020

Шүкір ету – Алла Тағаланың құлдарына бұйрығы

Құранның көптеген аяттарында Алла Тағала құлдарын шүкір етуге бұйырған.

«Ендеше, сендер Мені әрдайым жад етіңдер (яғни әрдайым құлшылық етіп, еске алыңдар), сонда Мен де сендерді ескеремін. Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпіршілік қылмаңдар (яғни алғысы жоқ, жақсылықтың қадірін білмейтін кісінің ісін істемеңдер)».

«Бақара» сүресі, 152-аят

«Ендеше, бір Аллаға ғана құлшылық ет әрі шүкіршілік етушілердің бірі һәм бірегейі бол!»

«Зумәр» сүресі, 66-аят

«Ендеше: «(Уа, адам баласы!) Маған және ата-анаңа шүкіршілік ет!»

«Лұқман» сүресі, 14-аят

Бұл аяттар шүкір етуге немқұрайлылық танытуға болмайтындығына әрі шүкір етудің адамзатқа жүктелген міндетті істердің бірі екендігіне дәлел.