Yerlan Ospan
@erekepost
6 posts

BigData сәтті мысалы. Конгреске кім қалай келді?

Авторлар алдымен конгрестегілердің барлығына ортақ өмір кезеңдерін төбе ретінде белгілеген. Олар: оқуы, жұмысы немесе кәсібі, әскер, т.б.

BigData дегеніміз не? Бір мысал

Көбінің шатасатындары - BigData-ны таза журналистік технология ретінде қарайды екен. Тіпті де олай емес. BigData - коррупцияны зерттеп жүрген журналиске де, алыс жұлдыздардан келген сигналдардан заңдылық іздеген астрономға да көмектесе алады. Бұл жерде журналиске де, астрономға да - түрлі дереккөзден келген мәліметтер жиынын сараптау қабілеті керек. Ал сараптау қабілеті туабітті талант па, әлде машықтануға болатын кәсіп пе - ол сұраққа жауабым жоқ.

BigData елегінде – Абайдың қара сөздері

«BigData» дегеніміз – үлкен дата, үлкен мәлімет қоры. Компьютер ғылымының түсінігі. Бірақ BigData журналистік зерттеу техникасы ретінде қарастырылып, сәтті қолданылып жүр.

Back in the USSR. Бар қазаққа – бес жарым мың кітап

Біздің жұрт болса, тап кітап ұрлығына ешқашан қуанған емес. Сөреден қолды болған кітап үшін сәлем қисайып, тіпті ағайынның арасына араздық түскенін бала күні жиі көретінмін. Бүгінгі, интернеттегі топан жазба мен молшылық биігінен кітапқа бола керісу қызық көрінетін шығар. Бірақ Советтер Одағындағы баспа статистикасын шолсақ, араздықтың алғышарттарын түсінгендей боласың.

New Media – журналистерге арналған оқулар

«New Media – қазақ тіліндегі оқулар» − Қазақстан Республикасының журналистеріне, соның ішінде, телевизия, радио, баспа, интернет саласындағы журналистерге және жаңа медиа өкілдеріне арналған ауқымды digital онлайн оқытуға арналған ерекше жоба.

Берлиндік суретші Google Maps-тің осал тұсын тапты

Deutsche Welle – Неміс толқыны. Көлік кептелісінің имитациясын жасау үшін суретші 99 мобил телефонды балалардың арбасына салып алып, Берлиннің Фридрихсхайн, Кройцберг аудандарын кезіп жүрген. Нәтижесінде Google Maps қосулы телефондарды автомобиль ретінде тіркеп, суретші жүрген көшелерді картада кептеліс бар деп көрсеткен. Сол күні көшелер әдеттегіден ашық болса да, көліктер осы мәліметке алданып, айналып өтіп отырған.